• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

АҚНИЕТ ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Май 19, 2023
Spread the love

Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ақниет шағын ауданындағы жергілікті тұрғындар мен белсенді жастардың қатысуымен қоғамдық келісім мәселесіне байланысты ашық форматта кездесу өтті.
Кездесуге ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Абай ауданы әкімдігінің жауапты қызметкерлері қатысты.
Жаһанданудың заманауи сын-қатерлері мен тегеуріндері жағдайында, толассыз қақтығыстар мен геосаяси тұрақсыздықтар жайлаған жер бетінде әр мемлекеттің ұлттық азаматтық бірегейлік саясаты алдыңғы орынға шығары сөзсіз. Әлем елдерінің басым көпшілігі көпұлтты болғандықтан салты бөлек, діні мен тілі бөлек этнос өкілдерінің басын қосу, мемлекеттің тұтастығын сақтау – басты міндеті.
Әртүрлі ұлт өкілдері араласқан кезде олардың бір-бірімен бәсекеге түсуі, араздығы, бір-бірімен шендесуі болып тұрады. Осындай түсінбеушіліктерді шешіп, олардың ортақ бір бағытқа қарай қозғалуына әкелу асқан саяси шеберлікті талап етеді.
Этносаясаттың мақсаты — елдегі этносаралық түсіністікті сақтай отырып, халықты өркениеттілік дәстүрлеріне тарту. Ол үшін саясатқа араласатын мүдделі топтар әрбір қайшылықты, шиеленісті өзара келісімге келу арқылы шешеді. Түрлі халық өкілдері өздерімен қатар өмір сүріп жатқан этностардың дәстүрлеріне, мәдениетіне, тілдеріне толеранттылық көрсетеді. Ұлттық саясат өркениетті елдерде азаматтардың ұлттық құндылықтарына деген позициясына сәйкес жүргізіледі. Оның мақсаты — ұлттық өмірді модернизациялау, ұлттық құндылықтарды сақтау және оның тынысын ашу.
Бүгінгі күні елімізде жүзден аса этнос өкілі өмір сүріп жатыр. Мінекей өткенге көз жүгіртсек Қазақстан Республикасының ішкі тыныштығын, қоғамның татулығын сақтаудың өте маңызды екенін көреміз. Оған тек этносаралық келісімді сақтай отыра қол жеткіземіз. Сондықтан да мемлекет өзінің мойнына жүктелген бүкіл әкімшілік қызметі барысында тарихи мекендеуші ұлтпен қатар басқа этнос өкілдерінің қамын ойлап, олардың барлық конституциялық құқықтарын қамтамасыз етіп, заңды мүдделерін қорғап, ың-шыңсыз, бейбіт келісімді қарым-қатынасына тиімді жағдай жасауға, этносаралық татулықты күйттеген мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, оның ең негізгісі – Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін демократиялық тәсілмен қамтамасыз етудің стратегиялық міндетін іске асыруды өзінің міндеті санайды.
Жиында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау, әлеуметтік желілерде арандатушылыққа жол бермеу, жастар арасындағы тәрбиені дамыту, Отан алдындағы әскери борышты өтеу, қоғам мүшелерін ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітпеу мәселелері кеңінен сөз болды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика