• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ЖАНАШЫРЛЫҚҚА ЖАН РИЗА.

Автор:admin

Май 11, 2023
Spread the love

Адамның өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасап, көмек қолын созу.
Жомарт болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осы қасиет арқылы адамдар мейірімділік пен ізгілікті өзгелерге ұсынып, жақсылық қадам жасайды.
Осы орайда, «Ардагерлерге тағзым» қайырымдылық акциясы бойынша 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай, қалалық күрді этномәдени бірлестігінің төрағасы И.Сулейманов өз қаражаты есебінен Шымкент қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Нина Егоровна Мосунованың үйінің ауласына бірқатар жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қолдан келген жәрдемін көрсетті. Соғыстың сұрапыл күндерін бастан кешіріп, бейбіт өмірде ел игілігі үшін қызмет атқарған, зейнеткер әрі ардагер қарт ана жомарттық танытқан азаматқа ыстық ықыласпен ризашылығын білдірді.
Отан үшін қанды қырғынды бастан өткеріп, бейбіт өмір жолында жанын аямаған ардагерлердің қатары уақыт өткен сайын азайып бара жатқандығы өкінішті.
Ел басына күн туған сәтте біздің жуалылық азаматтар да майданға аттанып, Жеңіс үшін майдан шебінде ерлік көрсетті.
Осы ретте, қан майданда жанкешті ерлік көрсетіп, жеңіс, ел үшін соғысқан ардагерлерді ардақтау – бүгінгі ұрпақтың міндеті, парызы. Бүгінгі күні арамыздағы майдангерлердің қатары жылдан-жылға азайып, сиреп бара жатыр. Сол себепті, бүгінгі ұрпақ ардақты ардагерлердің ерліктерін ұмытпауы тиіс.
Сұрапыл соғыстағы ерлер ерлігіне тағзым ету үшін жеңіс күні сіркіреп жауған жаңбыр да бөгет бола алмады. Тіпті, мәңгілік алаудың қадір-қасиетін арттырды.
Ардагерлерге құрмет көрсеткен жомарт жандардың игі істері келер ұрпаққа үлгі болып, жалғасын таба берсін.
Құрметтi ардагерлер, Сіздерге туған өлкемiздiң игiлiгi үшiн атқарған адал еңбектерiңiз, даналық өмiрлерiңiз және белсендi азаматтық ұстанымдарыңыз үшiн мың да бiр алғыс. Бабалар ерлігі – ұрпаққа өнеге. Бүгінгі бүлдіршіндеріміз, жастарымыз өз аталарының жасаған ерен ерліктерімен сусындап, Сіздерді өздеріне үлгі етеді. Себебi бүгінгі таңда жарқын болашаққа қарай батыл қадамдап келе жатқан Тәуелсіз Қазақстанның iргетасы сiздермен қаланған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика