• Сб. Апр 19th, 2025
Популярные метки

АССАМБЛЕЯНЫҢ САЯСИ ПАРТИЯЛАРМЕН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН КҮШЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Автор:admin

Май 2, 2023
Spread the love

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында Қазақстан халқы бірлігі күніне орай салтанатты шара өтті.
Іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Б.Нарымбетов, партия филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» қоғамдық кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырысты қалалық филиал төрағасы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы ашып, жиынға қатысушыларды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады.
Кездесу барысында Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының қорытындысы, қойылған міндеттер мен атқарылатын жұмыстар туралы айтылды.
Шымкент қалалық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латипша Асанов, Шымкент қаласы Корей этномәдени орталығының төрайымы Роза Пак, «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің мүшелері, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Талғат Балтабаев, «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов, қалалық орыс драма театрының директоры Игорь Вербицкий сөз сөйледі.
Бірліктің бірегей моделін қалып­тас­тыру­да маңызды рөл атқаратын Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясын құрудағы мақ­сат – еліміздегі қоғамдық-саяси тұ­­рақ­тылықты қамтамасыз ету жолында мем­­лекеттік және азаматтық қоғам инс­ти­туттарының этносаралық қатынас са­­­л­а­сындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арт­тыру болатын. Қазір мемлекет ең бі­рін­­ші кезекте халық құндылығын баға­лай­ды. Яғни, біз үшін халықтан биік ұғым жоқ. Ал халықтың күші одан әрі мық­­ты әрі бекем болуы үшін бейбітшілік қа­жет.
«– Мен былтырғы сессияда Ата Заңы­мызға өзгерістерді референдум арқылы енгізу туралы бастама көтердім. Көп ұзамай халқымыз өзінің тарихи таң­дауын жасады. Конституцияға ен­гізі­летін өзгерістерді қолдап дауыс берді. Бұл – Ата Заңымыз қабылданғаннан кейінгі алғашқы референдум. Біз осы бастама көтерілген кезде ел тағдырын айқындайтын маңызды жолдың бас­тауында тұрдық. Мақсатымызды айқын­дап, нақты жоспар құрдық. Дәл осындай тарихи сәтте халықтың бірауыздан қол­дау білдіруі өте маңызды болды. Осыған орай түрлі ұсыныс айтылды. «Өзгерісті Парламент арқылы жасау қажет» деген пікірлер де болды. Бірақ біз әрбір аза­мат­тың пікірін білген жөн деп шештік. «Мем­лекеттік биліктің бірден-бір бас­тауы – халық» деген қағидатты ұстан­дық. Осылайша, «Келісіп пішкен тон келте болмайтынына» бүкіл ел болып көз жеткіздік», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесу соңында этно-мәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Н.Ибрагимов, күрді этномәдени бірлестігінің төрағасы И.Сулейманов, т.б. және азаматтық қоғам өкілдері партияға қабылданып, партиялық билеттер табысталды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика