• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АҒАШ КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗДЫ

Автор:admin

Апр 29, 2023
Spread the love

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтағы «Достық» аллеясына ағаш көшеттерін отырғызды.
Сенбілікке қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшылығы, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, «Ассамблея жастары» ұйымы мен «Жастар рухы» қозғалысының өкілдер, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері қатысты.
Айта кетейік, Наурыз мерекесі қарсаңында аталған аллеяға қалалық ассамблея мүшелері 100 түп ағаш көшетін отырғызған болатын. Бұл күні де этнос көшбасшылары мен ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшылығы 18 түп көшет отырғызып, аллеядағы ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын үнемі назарда ұстайтынын жеткізді.
Бүгінде Шымкентте тұратын 1 192 120 (2023 жыл басындағы статистикалық дерек) халықтың 70,9 пайызын – қазақтар, 15,8 пайызын – өзбектер, 6,3 пайызын – орыстар, 1,8 пайызын – әзірбайжандар, 0,9 пайызын – татарлар және қалған 4,3 пайызын – өзге этностар құрайды.
Қалалық ҚХА жанындағы 17 этномәдени бірлестік пен 7 қоғамдық құрылым мемлекеттік саясат аясында кешенді жұмыстарды атқаруға жұмылдырылған.
Сонымен қатар, Ақтас-1 қоқыс полигонын көгалдандыру жұмыстары басталды.
Полигон аумағына 500 ге жуық ағаш көшеті отырғызылды. Мұнда үйеңкі, айлант, ясень секілді ағаш көшеттері егілді. Бұл мақсатқа 30-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған.
Қазір қоқыс полигоны 300 мың тонна қалдық топырақпен көмілді. Екінші қабатты жабуға 100-ге жуық адам, 20 техника жұмылдырылып отыр. Бұл жұмыстар 20 сәуірде толық аяқталады.
Қазіргі таңда көму жұмыстарының бірінші қабаты толық аяқталып , екінші қабатына өтіп, жалпы жұмыстың 50%-ы аяқталуға жақын. Сорттау жұмыстары да қарқынды түрде жүзеге асуда.
Аталған жұмыстарға жалпы саны 13 техника (1 экскаватор, 2 жүк артушы, 2 жүк тасымалдаушы, 4 камаз, 4 бульдозер) күнделікті жұмылдырылуда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика