• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН

Автор:admin

Апр 28, 2023
Spread the love

Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында өтті. Еліміздің барлық өңірлерінен жиналған делегаттар Мемлекет басшысы, ҚХА Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен өткен жиында айтылған байыпты бастамалар мен тиянақты ой-пікірлерді тыңдап, бірлігімізді бекемдеу жолында атқарылуы тиіс қадау-қадау тапсырмаларды арқалап қайтты.
Президент өз сөзінде негізгі бес басымдықты айрықша айтты.
1. Бірлігіміз бен татулығымызға сына қаққысы келетін кез келген арандатушылық әрекетке батыл түрде тосқауыл қою.
2. Этноәлеуметтік шиеленістің шығу себептерін жою үшін нақты шаралар қабылдау.
3. Көпмәдениетті ортаны дамытып, барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жүйелі қадамдар жасау.
4. Ассамблеяның саяси партиялармен және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын күшейту.
5. Этносаясатты біртұтас болып, дәйекті түрде жүргізу.
Ел бірлігіне жұмыс істейтін құрылымдардың мемлекет пен азаматтық қоғам арасында сындарлы диалог орнату қажеттілігіне де тоқталды.
Бүгінде елімізде болашағын Қазақстанмен байланыстырған этнос өкілдері ғана қалды. Тарихи отанын аңсағандар соңғы 32 жылда елден көшіп кетті. Бізге дамудың жаңа сатысына өтіп, ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын уақыт жетті.
«Ассамблеяны жабу керек. Бұл бізге керек емес ұйым» дейтін пікірдегі азаматтар ең алдымен ассамблея институтының мемлекет құраушы қазақ халқының өзіне қажет екенін ұғынғаны абзал. Қалғаны ойластырылған әрі сындарды мемлекеттік саясат аясында жүйелі іске асады. Ал сын сағатта өзге жақтың отынын шабатындар мен ұлтаралық алауыздық тудыруға ұмтылғандардың жауапкершілігі заң аясында қатаң қаралуы тиіс.
Күлтегін бабамыздың: «Тату елге – тыныштық пен тоқшылық нәсіп», дегенді айтқаны бар. Біз бірлігімізді нәтижелі тірліктермен бекемдеп, пайымды парасатпен өзара ынтымағымызды сақтауымыз қажет.
Орынбай Рахманбердиев, Шымкент қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика