Түркістан облысында өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 500 млрд теңгеге жуықтады. Оның 245 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібі өндірісіне тиесілі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыс әкімінің орынбасары мәлім етті, деп хабарлайды Жаңалықтар порталы. Оның сөзінше, өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл және химия өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтикалық өнім өндіру және өзге де металл емес минералдық өнімдер сияқты бағыттар бойынша ұлғайған. «Өнеркәсіптік өндіріс көрсеткіштерінің өсу қарқынын жақсарту мақсатында Кәсіпкерлікті қолдау бойынша жемісті жұмыс жүргізілді. 2019 жылы индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 22 млрд теңгеге 13 жоба жүзеге асырылып, 800-ден астам жұмыс орны ашылды. 2020 жылға 11 жобаны іске асыру жоспарланған», – деді облыс әкімінің орынбасары. Сондай-ақ, М.Мырзалиев Үкімет тарапынан мемлекеттік секторды сатып алу саласында жергілікті қамтудың үлесін ұлғайту міндеті қойылғанын айтты. Осыған байланысты өткен жылы мемлекеттік ұйымдардың «қарапайым заттар экономикасы» саласындағы тауарларды сатып алуында жергілікті қамту үлесінің нысаналы индикаторлары асыра орындалған. Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіп тауарлары – 60, жиһаз – 62, құрылыс материалдары – 67, тамақ – 85 пайызға орындалып, соңғы бағыт бойынша Түркістан облысының көрсеткіші республикада бірінші орынға шыққан. Осыған байланысты Түркістан облысы, Келес ауданында құны 12 млн. долларды құрайтын күн электр станциясы салынады. Құрылыс жұмыстарын «UBS KZ» және «UBS Solar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырады. Бұл жоба Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округі аумағынан іске аспақ. Ол үшін арнайы 50 гектар жер аумағы бөлінді. Аталған аймақта электр станциясының қазығын қағу рәсімі өтіп, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Абай Құланбай және Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев шараға арнайы қатысты.
– Инвестициялық жобалар өңірдің экономикалық дамуын өрге тартады. Ауданымызға келіп, жаңа технологияларды енгізе отырып, ауданымыздың дамуына сеп бола білген инвесторларға ризашылығымды білдіремін. Жоба аясында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тұрғындардың сапалы электр қуатымен қамтуға қол жеткізбекпіз, – деді Алмас Икрамұлы өз сөзінде.
Бұл станция сағатына 20 мВт электр қуатын өндіруге қауқарлы. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.
R-ақпарат