• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXXII СЕССИЯСЫ БИЫЛ ЖАҢА ФОРМАТТА ӨТТІ

Автор:admin

Апр 27, 2023
Spread the love

«Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы биыл жаңа форматта өтті. Екі күнге жоспарланған сессияда келісім, толеранттылықты қалыптастырудағы дәстүрлердің, мәдениет пен білім саласының ықпалы, сондай-ақ ҚХА саяси реформаларды жүзеге асырудағы және қоғамдық бірлікті нығайтудағы қызметі жан-жақты сараланды. ҚХА жұмысын жақсарту, оның қоғамдық құрылымдарының – этномәдени бірлестіктердің және басқа да құрылымдарының жұмысын жетілдіру жолдары талқыға түсті.
Барлық аймақтардан келген делегаттар талқылаулар мен пікірталастарға белсене қатысты. Былтыр еліміздегі реформалардың табысты жүзеге асуына, ішкі саяси тұрақтылық, бірлікті сақтау мен нығайтуға Ассамблеяның барлық институттары өз үлесін қосты. Бұл ретте Шымкент қалалық ұйғыр этномәдени бірлестігі де еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсенді атсалысуда.
«Қазақстандағы ұйғырлардың республикалық мәдени орталығы» (ҚҰРМО) 2003 жылы құрылып, ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Республика заңдарына сәйкес бірқатар облыстарда ҚҰРМО бөлімдері ашылды. Орталықтың Жарғысына сәйкес атқарылатын жұмыстың негізіне ұйғыр халқының мәдениетін, білімін дамыту, салт- дәстүрі мен тілін сақтау, ұлтаралық татулықты одан әрі нығайту, мемлекеттік тілді үйрену сияқты мәселелер алынған. Қай қоғамда болмасын, жастар өміріндегі ең басты мәселе –білім алу мәселесі болатыны түсінікті.
Мемлекет басшысы қатысқан Сессияның Пленарлық отырысында да ұлттық бірлік, қоғамдық келісімді нығайтуда маңызды ойлар, ұтымды ұсыныстар айтылды. Жаңа Қазақстанда жаңа ұрпақтарды танытуда ассамблея мүшелерінің қосар үлесі мол екені белгілі. Алдағы кезеңде бірлесе атқаратын жұмыс көп. Ендігі кезекте өз ұсыныстарымызды жүйелеп, бағыттарымызды айқындаймыз. Сол бағыттарда тиісті жұмыстарды жүзеге асырамыз.
Дінмұхамед ИСКЕНДИРОВ, Шымкент қалалық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика