«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өтті. Бұл жолы тұрғындарды заңгер мамандар қабылдады.
«Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтарға Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Абдалиева Бибігүл, қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Тлеуов Ерлан, Еңбекші заң консультациясының адвокаты Нұрбеков Райымбек тегін кеңес берді.
Шымкент қаласы тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету бойынша
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік әлсіз тобына құқықтық көмек беру мақсатында азаматтардың арыз-өтініштері бойынша құқық саласының мамандары халыққа тегін құқықтық көмек және түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қоғамдық қатынастардағы азаматтардың құқықтық, қаржылық сауаттылығы әлі де төмен екені жасырын емес. Соның салдарынан, олар сотта немесе басқа да мемлекеттік органдарда мүдделерін қорғай алмай жатады. Шалғайдағы ауыл тұрғындарының бәрі бірдей мұндай кәсіби көмекке қол жеткізе алмай отырғандықтан, жаңа партиялық жоба аясында заңгерлер ауыл-ауылды аралап, халыққа арнайы құқықтық көмек көрсетеді. Әділдік пен заңның үстемдік құруы осындай нақты істерден бастау партияның негізгі бағыттарының бірі.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде заңгерлер жергілікті жерде азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үшін облыстағы аудан орталықтарына барады. Яғни сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етуге, арыз-талап толтыруға, өзін қорғауға көмек көрсетіледі. Тұрғындарға қаржы және құқықтық мәселелер бойынша түрлі кеңес беріледі.
Мұндай қабылдаулар аптасына бір рет бейсенбі күні ұйымдастырылады. Ал сейсенбі күндері ашық есік күні өткізілуде.