• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«Діни сауаттылық — қоғам қауіпсіздігі»: Шымкентте оқушылармен кездесу өткізілді

Автор:admin

Май 18, 2023
Spread the love

Аталған шараның мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу мен жақсылық жасай білуге баулу.
Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Діни сауаттылық — қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия оқушылары арасында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Аталған шараның мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу мен жақсылық жасай білуге баулу. Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уалихан Самат Шоқанұлы қатысты. Дін саласының маманы діннің бала тәрбиесі мен оның қоғамдағы рөлі қандай екеніне тоқталып, жат ағымның адам өмірі мен елімізге әкелер қауіпіне тоқталды. — Адам діни сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасы қалыптаса отырып, кемелдену құбылысын жүзеге асырады. Сондықтан діни сауаттылықтың адам санасының оңды дамуындағы рөлі маңызды болмақ, — деді теолог маман Самат Уалихан. Қаламыздағы жастар арасында діни сауаттылықты арттыру бағытында тұрақты кездесулер өткізіліп келеді. Айта кетейік, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастардан-жастарға ақпараттық керуен» жобасы аясында Теріскей ауданында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш жоба жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары жөнінде ақпараттармен таныстыру мақсатында қолға алынған. Түсіндірме жұмыстары барысында аудан жастарына мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісім-шарты» жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5% несие жөнінде де толыққанды мағлұматтар айтылып, жадынамалық парақшалар тарқатылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика