• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КЕЛЕЛІ ЖИЫННЫҢ БЕРЕРІ КӨП

Автор:admin

Май 23, 2023
Spread the love

«ЕуроАзиялық медиация орталығы» Қоғамдық бірлестігінің директоры Лаура Ақшегірова өңірдегі Медиация және Заң клиникасының жұмысын жандандыру мәселері, яғни кәсіподақтарға сенімділікті арттыру, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіріп еңбек жанжалдарының алдын-алу мәселеріне тоқталып өтті.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша АКБ төрағасы Бауыржан Ілімшаұлы 19 мамыр күні Астанада ОАЕКК Бас хатшысы – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының жетекшілігімен Орталық Азия елдері кәсіподақтары кеңесінің III отырысы туралы баяндап, форум аясында көтерілген мәселелерге кеңінен тоқталды.
«Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Монғолия мемлекеттері бірыңғай демалыс орындарының хабын ашып, енді өзара кәсіподақ арқылы еңбек адамын сауықтыру мақсатында турист алмасатын болады. Бұл кәсіподаққа мүше еңбеккерлерге осы 5 елдің шипажайлары мен демалыс орындарына барып сауығуына және туризмді дамытуға сеп болмақ. Қазіргі таңда шекаралас Өзбекстан елінде 7 мың орынға шақталған заманауи 31 шипажай жұмыс істейді. Қабылданған шешімнің нәтижесінде, биыл 4 мыңнан аса қазақстандық кәсіподақтар арқылы Өзбекстанның шипажайларына жолдама алуға мүмкіндігі бар», — деді Бауыржан Ілімшаұлы.
Көшпелі отырыс соңында бүгінгі мәжіліске жиналған Қаратау ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің бірқатар бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері өңірдегі кәсіподақ қозғалысына қосқан үлестері үшін еңбектері ескеріліп марапатталды.
Үйлестіру кеңесінде көтерілген мәселелер кеңес қатысушыларының назарына алынып, салалық және жергілікті кәсіподақ төрағалары өз ұсыныстарымен бөлісіп, жүктелген тапсырмаларды тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз ететінін жеткізді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика