• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЖАСТАР ЖӘНЕ РУХАНИЯТ

Автор:admin

Май 2, 2023
Spread the love

Жастар ресурстық орталығында Қазақстан діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Шымкент қаласы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен, Шымкент қаласының және ҚМДБ Шымкент өкілдігінің бес жылдық мерей тойы мен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Жастар және руханият» аймақтық танымдық жастар форумы өтті, деп хабарлайды r-factor.kz.

Аталған шараның мақсаты – жастарды толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті білім алып, ел игілігі үшін қызмет етуге және деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтануға шақыру. Форумға ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Б.Абдрахманов және Шымкент қаласының бас орынбасары, дінтанушы-магист М.Естеміров, «Қаратау дәстүрлі өнер» мектебінің ұлағатты ұстазы, термеші К.Шал ақын мен қала жастары қатысты. Аймақтық танымдық жастар форумы барысында жастарға білім алу, үлкенді құрметтеу, отансүйгіштікке, салт-дәстүрімізді сақтау шақыру жөнінде сөз қозғалды. Сонымен қатар, әлеуметтік желінің зияны мен оны дұрыс пайдалу жолдары түсіндірілді. Жиын соңында дін өкілдері жастармен кері байланыс орнатып, сұрақтарына жауап берді.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың «Діни танымдығын арттыру» бойынша кездесу өткен болатын. Аталған кездесуге Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Бекеулов Серік Мадиханұлы және Шымкент университетінің жастары қатысты. Аталмыш кездесу жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, студенттермен кері байланыс орнатылды.

Сондай-ақ кездесу соңында жастарға арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді. Одан бөлек, сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика