«Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында Ассамблея мүшелеры,Шымкент қаласы Этно мәдені қоғам бірлестігі торағалары «AMANAT» партиясы мүшелеры,
мегаполисте тұратын ҰОС ардагерлерінің үйіне барып, Жеңіс күнімен құттықтады.
ҰОС ардагері Қазбаев Абылай атамыз жастайынан соғысқа аттанып, Харьков, Ворошилов Украина майданында Севастопольде, Латвия, Литва, Кенигсбергдегі шайхастарға қатысып, Берлинде жеңісті қарсы алған. Майдангер зеңбірекшілер тобында жүріп, неміс танкісіне қарсы тұра білген жаужүрек жауынгерлердің бірі болған. 1945 жылы 1-мамырда Кенигсберг қаласын азат етуші жауынгерлер сапында болған. Елге оралып, қорғасын зауытында темір-ұсташы, машинист-қазаншы болып қызмет еткен.
Қазіргі таңда Абылай атамыз немере-шөбере сүйіп, ғасыр жасап, өмірдің ащы-тұщысын көрген ардагер ретінде жас ұрпаққа ақылы мен өсиетін айтып, партияластарға алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан үш ардагер бар. Біздің парызымыз қала ардагерлеріне барынша қамқорлық жасап, көмегімізді аямау.
9 мамыр — Ұлы жеңіс күні! Бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған ақжолтай күн… Бұл күн-сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні. Бұл күн-әділеттің әділетсіздікті жеңген күні. Бұл күн-бүгінгі ұрпақтың сіздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні.
Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, қазақстандықтар, сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!