• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЕЛ БОЛАШАҒЫ — ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР

Автор:admin

Апр 6, 2023
Spread the love

Шымкен қаласы Тұран ауданын әкім аппаратының ұйымдастыруымен «Ел болашағы — жалынды жастар» тақырыбында А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейі жастары арасында кездесу өтті.
Мақсаты — кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, суицидтің, қыздар арасындағы ерте жүктілік пен кереғар діни ағымдардың алдын алу.
Кездесуге №77 мектеп-лицейінің директоры Аюбаева Толқын, Шымкент қаласы Дін істер басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ теолог-маман Бекеулов Серік, Психикалық денсаулық орталығының маманы, дәрігер-нарколог Садыкова Майра және Абай ауданы жастар ресурстық орталығының жастарға қызмет көрсету бөлімінің инспекторы Гүлбибі Камалбеккызы қатысты.
Олар кәмелет жасына толмаған жастар арасында көптеп кездесетін мәселелерге тоқталып, оның зардап-зиянын туралы жеткізді.
Толеранттылыққа қарама-қарсы қайшылықтардың (интолеранттылық) адамзат тарихының барлық кезеңінде де болғаны рас. Интолеранттылық шыдамсыз, үрейлі адам, кінәні өзінен емес басқа адамнан іздейді. Сондай адамдардың өмірде жиі кездесуі қоғамда түрлі проблемаларды тудыруға ықпал етеді.
Соның салдарынан түрлі көтеріліс, діни қудалаушылықтар мен идеологиялық қақтығыстар, ажырасулар, тастанды балалар, жас өспірімдер арасында суицидтер туындайтынын дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Сондықтан бұл мәселеге жеңіл-желпі қарамай, оның алдын алу керек. Толеранттылыққа тәрбиелеу қоғамдағы ересектердің ортасында ғана емес, әрбір отбасында өз бастауын алуы тиіс. Толеранттылық өзі — патриоттықтың құрамдас бір бөлігі болғанымен, одан жалпы мәдениеттің көрінісін байқау қиын емес.
Патриот болу, өз отбасын, әулетін, ата-анасын, туысқанын жақсы көру, яғни отбасын шын ықыласымен жақсы көру дегенді білдіретіні даусыз. Отбасын сүйген бала ғана Отанын сүйе алатын азамат болып қалыптасады. Олар өз еліндегі, Отанындағы болып жатқан өзгерістерге, берекесіздікке бей-жай қарай алмайды. Толерантты жастар үшін еліміздің тыныштығы мен болашағы әлдеқайда маңызды, өйткені олар жарқын болашақтан үміткер. Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика