Шымкент қаласындағы 2023 жылға арналған Жол картасы негізінде қаладағы қоғамдық көліктердегі тасымалдау сапасын арттыру, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған жұмыс тобының мүшелері «Ман Оңтүстік»ЖШС, «МиР и Со»ЖШС, «Санжар Моторс»ЖШС көлік компанияларының еңбек ұжымында болды. Кездесуде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек ҚР Кәсіподақтар федерациясының 2023 жыл — «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі және оған енгізілген өзгерістер мен оның маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Одан өзге, көлік компаниялары арасында жол жүрісі, жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс тобының құрамына «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, қалалық Мәслихатының депутаты, Шымкент қаласы полиция Департаментінің әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, Еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы, Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау сарапшысы, «Диспетчерлік қызмет орталығы» КММ-ң басшысы, «Южавтотранс» қауымдастығының өкілдері кіреді.
Кездесу барысында жұмыс тобы мүшелері автобус паркінің жүргізушілері мен жұмысшыларының еңбек жағдайымен танысып, жолаушы тасымалдаушылардың қауіпсіздік құралдары мен қорғаныш құрылғыларына баса назар аударды. Мұнда автобустардың күн сайын техникалық қауіпсіздігі тексеріліп, жүргізушілер талапқа сай бағытқа шығарды медициналық тексерістен өтіп тұрады.
Еңбек ұжымы кәсіби пайдалы еңбек жағдайында орын алатын мағлұматтар мен ақпараттарға қанық болды.