• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«SHYMKENTBUS» АВТОПАРК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Апр 19, 2023
Spread the love

ҚР Кәсіподақтар федерациясының 2023 жыл — «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі және оған енгізілген өзгерістер мен оның маңыздылығы туралы «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек «YNTIMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлердің қазақстандық салалық кәсіподағы өңірлік филиалының құрамындағы «ShymkentBus» БК» ЖШС-і бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізді. Одан өзге, шаһардағы қоғамдық көліктердің тасымалдау сапасын арттыру, жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында да сөз өрбіді.
Кездесу барысында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек автобус паркінің жүргізушілері мен жұмысшыларының еңбек жағдайымен танысып, жолаушы тасымалдаушылардың қауіпсіздік құралдары мен қорғаныш құрылғыларына баса назар аударды. Мұнда автобустардың күн сайын техникалық қауіпсіздігі тексеріліп, жүргізушілер талапқа сай бағытқа шығарды медициналық тексерістен өтіп тұрады.
Одан өзге жиында қатысушыларға кәсіподақтың рөлі мен мақсаты түсіндіріліп, пайдалы кеңестер берілді. Басқосуда АКБ төраға міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 2023 жыл — «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, техникалық инспекторлардың жұмысы мен өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау жайлы айтып, еңбек дауларының алдын-алу мен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жөнінде де әңгіме өрбіді.
Қатысушылар көкейінде жүрген сауалдарын жолдап, баяндамашылармен пікір алмасып, қызмет барысында туындайтын көптеген өзекті сұрақтарына жауаптар алды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика