• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ҚОСЫЛДЫ

Автор:admin

Мар 29, 2023
Spread the love

Елімізде мемлекеттік қызметке орналасудың пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифигте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы Шәкір Сұлтанхан мәлім етті. ⁣
Шәкір Сұлтанханның айтуынша, пилоттық жобаға Қазақстанда 5 мемлекеттік орган қатысады. Олар – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі, ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Ақмола және Шымкент қаласының әкімдіктері. ⁣⁣⠀
⁣Аталған жобаға іріктеу 1 наурыз бен 31 желтоқсан аралығында өтеді. Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа алгоритмі «Eqyzmet.gov.kz» порталында жүзеге асады. Жаңа формат азаматтарға әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. ⁣⁣⠀
— Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев мемлекеттік қызметке кіру ісіндегі артық кедергілерді жою және одан шығу тәртібін жеңілдету, мемлекеттік қызметтің кез келген қазақстандыққа ашық болуына қатысты тапсырма берген болатын. Осы орайда мемлекеттік қызмет саласында бірқатар жаңашылдықтар орын алды. Атап айтқанда, жаңа жүйеде⁣⠀тестілеу жүргізілетін нормативтік-құқықтық актілерінің саны 9-дан 4-ке дейін қысқартылды. Іріктеу кезеңінде үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, эссе жазу қамтылған, — деді Шәкір Сұлтанхан.
Мемлекеттік қызметке орналасуда артық кедергіні жоюдың тағы бір жолы – агенттік келісімімен «Б» корпусының жоғары лауазымдарына іріктеусіз тікелей тағайындау. Осы орайда, жыл басынан бері Шымкентте 31 азамат басшылық қызметке келген. Бұл ретте, магистр, доктаранттардың мүмкіндіктері жоғары. Ал, шығу тәртібіне келетін болсақ — екі тоқсан бойы өзін жақсы қырынан танытпаған қызметші, бір саты төмен лауазымға жайғасады. Ал, одан төменгі лауазым болмағанда – оны қызметтен босату көзделген.
Шәкір Асылханұлы мемлекеттік басқару академиясының түлектері өңірлердегі лауазымдарға, сондай-ақ, мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтағандар аудан мен ауылдарда төменгі лауазымдарға конкурссыз тікелей тағайындау мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика