Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы мен тұрақты комиссия төрағалары кезекті рет қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға жазылған Абдалимов Олжас есімді тұрғын қандас бауырларымызды жұмысқа орналастыру бойынша жүгінсе, Оспанов Аскербек атты азамат мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ойын-сауық клубының жобасын ұсынды.
Сондай-ақ, қабылдауда болған Оспанова Жамила тұрақты негізде жұмысқа орналастыру, Джаппарова Калима тұрғын үйлерді қасбеттерін жаңарту, Өтжанова Ақмарал баспана және Қарлыгаш Берденовна энергетика мәселесімен шағымданып, үйіне құрылыс материалдарымен көмек көрсетуді сұрады.
Одан бөлек, Тархина Надежда есімді 4 баланың анасы тұрғын үйді өзінің атына аудару мәселесімен келсе, Курбанов Абдурашид, Әшеров Сәулебек, Ақылбаев Жақсыбай, Эгизбаева Дильфуза есімді тұрғындар инфрақұрылыммен қамту мәселелерін жеткізді.
Қабылдауға келгендердің басым бөлігі инфрақұрылым мәселесін алға тартты. Жарықтандыру, жол, мектеп құрылысы мен спорт алаңшаларын салу жөнінде де тұрғындар өз сұрақтарын айтты. Тіпті жуырда басталғалы тұрған 2,5 пайызбен берілетін несиелендіру мәселесі де ұмыт қалған жоқ. Жергілікті халықтың толғандырған мәселесі қатарында қаламыздың өзекті проблемасына жол апаттары бойынша жағдай да бар. Емхана мен көп балалы отбасыларға және жастарға көмек көрсету бойынша қолдау күткен ағайын да қабылдауға арнайы келген.
Қабылдау жұмыстары халықпен кері байланыс құралдарының тиімділігін арттыруға, көкейде жүрген өзекті мәселелер оңтайлы шешім табуға, сонымен қатар партияның жұмысын жаңғырту мақсатында жүзеге асырылуда.
Өз кезегінде мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов арыз-шағымның барлығы бақылауда болатынын және тиісті мекемелердің назарына ұсынылатынын айтты.