• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КУВЕЙТТІК ҚОРЫ 300 ҮЙГЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҮЛЕСТІРДІ

Автор:admin

Апр 4, 2023
Spread the love

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Шымкент орталық мешіті мен Қазақстандағы Кувейт елінің «Бүкіләлемдік Исламдық қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев, Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, Шымкент қаласы дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Тахирұлы т.б. азаматтар қатысты.
Игі шара аясында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлысөз алып, жыл сайын тұрақты түрде қайырымдылық бағытта қызмет етіп жерген Қазақстандағы Кувейт елінің «Бүкіләлемдік Исламдық қайырымдылық қоры» басшылығына алғыс айтп, ризалығын білдірді. Жалпы, қайырымдылық шарасы барысында көпбалалы, мұқтаж және мүмкіндігі шектеулі 300 отбасыға «Рамазан қоржыны» себетін үлестірді. Айта кетсек, үйлестіріп, жеткізіп беру жұмыстарын қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдірі ұйымдастырды.
Еске салар болсақ, қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Шымкент орталық мешітінде «Zeket HUB» қайырымдылық орталығы ашылды.
Айтулы шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев, қалалық «Уақып» қорының өкілі Ералы Есенгелдиевтер қатысты.
Игі шара барысында шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы ашылу сәтінде қайырымдылық орталығының жұмысымен танысып, жоспарлы түрде дамыту, насихаттау жұмыстарын күшейтуді атап өтті. Мұнымен қатар, басқосу аясында бес аудандық мешіт бойынша жауапты өкілдеріне сенім куәлігі тапсырылды.
Айта кетейік, «Zeket HUB» қайырымдылық орталығы мұқтаж отбасылардың базасын жасап, тұрақты түрде азық-түлікпен қамтамасыз ету. Және жергілікті әкімдіктермен және «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі арқылы бірлесіп жұмыстар атқаратын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика