Шымкент орталық мешітінде қасиетті Рамазан айына байланысты мешіт имамдарының кеңейтілген мәжілісі өтті.
Мәжіліске Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, қала имамының кеңесшісі Бекайдар қажы Төлжанұлы, қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның бақылаушы өкілі әрі найб имамы Қазыбек Сарыбаев, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры мен жастар ісі секторының жетекшісі, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудан имамдарының имамдары қатысты.
Кеңейтілген мәжілісте Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның тарапынан бекітілген жұмыс жоспары жүзеге асырып, жан-жақты жетілдіру туралы арнайы тапсыралар берді. Атап айтқанда, «Рамазан қоржыны», «Рамазанда бір тал ек», «Рамазанда мешітке кітап сыйла», «Рамазан тәттісі» сынды қайырымдылық бағыттағын жұмыстар мен қатар оқу-ағарту, насихат жұмыстары айтылды.
Сондай-ақ, ҚМДБ бекіткен бес бағытқа жауапты мамандар өздерінің салалары бойынша арнайы баяндама жасап, жұмыс жоспарымен таныстырды. Қасиетті айда «Халал Даму» тарапынан сертификатталған өнімдерді насихаттау, түсіндіру және қажылық һәм «Дархан дала» отандық туризмді дамыту мәселелері де тапсырылды.
Басқосу барысында қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының аудандық өкілдеріне сенім кәуілігі табысталды.
Зекеттің белгілі бір адамға парыз болуы үшін төмендегі шарттардың орындалуы тиіс.
1. Мұсылман болуы:
Басқа ғибадаттар сияқты зекет ғибадатында да беруші адамның ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен, азат мұсылман болуы шарт. Мұсылман мемлекетінде өмір сүретін басқа дінді ұстанушыларға және балиғат жасына жетпеген балалар мен ақыл-есі дұрыс еместерге зекет беру парыз емес.
Ханафи мәзһабынан тыс басқа мәзһабтарда балиғат жасына жетпеген балалар мен ақыл-есі дұрыс еместерге де зекет беру парыз. Олардың малдарының зекетін уалийлері береді.
2. Нисап көлеміне жететін немесе одан да көп байлыққа ие болу:
Зекеттің парыз болуы үшін күнделікті тіршілікте қолданылатын негізгі қажеттер мен қарыздардан тыс, нисап көлеміне жететін байлыққа ие болуы керек. Нисап дегеніміз – зекетті парыз ететін белгілі байлық мөлшері.
3. Зекеті берілетін байлықтың өсімділігі:
Зекеті берілетін байлықтың өсімді болуы оларды күнделікті өмірде қажетімізге қолдану мақсатымен емес, иесіне кіріс кіргізу мақсатымен қолға ұсталуы. Мысалға, сауда заттарының сауда жасау арқылы, мал-жануарлардың төлдеу арқылы, егіс, бау-бақшаның жеміс беру арқылы иесіне кіріс кіргізуі сияқты. Алтын, күміс, ақша, әшекей бұйымдармен сауда жасап, кіріс кіргізуі мақсат етілмесе де, олардан зекет беру парыз. Яғни, олардың өсімді болуы шарт емес.
4. Зекеті берілетін байлыққа бір жыл толуы:
Зекеті берілетін байлыққа ай санауымен бір жыл толуы керек. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Бір жыл толмай байлыққа зекет берілмейді»[2], – дейді.Бір жыл – зекеті бірілетін дүние, малдардың көбейіп, өсетін уақыты.
5. Қарыз болмауы:
Адамдарға болған қарыздың барлық түрі – зекеттің парыздығына бөгет жасайды. Мысалға, бір адам негізгі қажеттерінен тыс 100 грамм алтынға ие болды делік. Бірақ бұл адамның басқа біреуге 20 грамм көлемінде қарызы болса, бұл адамға зекет парыз емес. Өйткені, қарыздан тыс қалған малдың мөлшері нисап көлеміне (85 гм шамасындағы алтынның құны) жетпейді.