• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ «ZEKET HUB» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Автор:admin

Мар 20, 2023
Spread the love

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Шымкент орталық мешітінде «Zeket HUB» қайырымдылық орталығы ашылды.
Айтулы шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев, қалалық «Уақып» қорының өкілі Ералы Есенгелдиевтер қатысты.
Игі шара барысында шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы ашылу сәтінде қайырымдылық орталығының жұмысымен танысып, жоспарлы түрде дамыту, насихаттау жұмыстарын күшейтуді атап өтті. Мұнымен қатар, басқосу аясында бес аудандық мешіт бойынша жауапты өкілдеріне сенім куәлігі тапсырылды.
Айта кетейік, «Zeket HUB» қайырымдылық орталығы мұқтаж отбасылардың базасын жасап, тұрақты түрде азық-түлікпен қамтамасыз ету. Және жергілікті әкімдіктермен және «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі арқылы бірлесіп жұмыстар атқаратын болады.
Еске салар болсақ, игі бастаманың ашылу салтанатына Бас мүфти арнайы қатысты. «Жыл басында дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамамда «Зекет және қайырымдылық» корпоративтік қорына «Zeket HUB» қайырымдылық орталығын ашу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін осы бастама аясында жүзеге асқан игі істің куәсі болып отырмыз.
Аталған жоба мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсету аясын кеңейтуге, сондай-ақ, қоғамдағы белең алған күрделі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл жоба Діни басқарманың қайырымдылық бағыттағы іс-шараларына серпін береді деп сенемін. Алла Тағала игі іске үлес қосқан барша азаматқа мол сауаптан жазсын» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. Айта кетейік, «Zeket HUB» қайырымдылық орталығы негізгі 3 бағытты қамтиды: мұқтаж отбасыларды тұрақты түрде азық-түлікпен қамтамасыз ету. Қажетті азық-түлік ресми келіссөздер жүргізу арқылы ірі сауда желілерінен тұрақты түрде тегін алынады. Тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан жандарға нарықтағы сұранысқа ие дәнекерлеуші, жиhаз құрастырушы, жобалау менеджері, өнім менеджері т.б. мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарын жүргізу. Оқытылған арнайы мамандықтар бойынша әрі қарай серіктес кәсіпорындардағы жұмыс орындарына бағыттау арқылы жұмыспен қамту.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика