• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«ОРДАБАСЫ» МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

Автор:admin

Мар 24, 2023
Spread the love

Шымқент Қаласы Әл-фараби ауданы, Зеқет Қайрымдылық қорының ұйымдастырумен «Ордабасы» мешітінде қасиетті Рамазан айы қарсаңында аз камтылған отбасыларға азык түлік үлестірілді. Қайрымдылыққа үлес коскан жандарға Алла разы болсын.
Жалпы ораза – жеке-дара құлшылық. Намаз оқымаған адам да ұстай алады. Ораза – Ұлы Жаратқанға жақындаудың бір түрі. Мұны болмайды деп тыю дұрыс емес. Намаз оқымайтын кісі ораза арқылы дінге бір табан жақындап, келер жылдары намазға жығылуы әбден мүмкін. Ораза ұстаған кісіге «Оразаң қабыл болсын!» деп демеу беріп, мұсылманшылыққа даналықпен шақыру – саналы әрбір мұсылманның міндеті.
Рамазан айына дейін қаза оразаны өтеп қана қоймай, ақшалай қарыздарды да қайтарып қойған жөн. Қарыз – берсе сауап, алса мойнына аманат болып жазылатын дүние. Хадисте қарызы бар адам қарызын өтемей тұрып садақа бермеуі керек екені жазылған. Берілмеген зекет те қарыз деп есептеледі. Қарызын өтеу, зекет беру – парыз. Зекет қарызы бар адамның садақасы қабыл болмайды.
Рамазан айы жақындағанда ағзаны оразаға дайындау қажет. Адам бірден ұзақ уақыт бойы нәр татпаса ағзада үлкен өзгерістер болып, ол белгілі бір ауруға әкелуі мүмкін. Сол себепті күнделікті ішіп жүрген тамақ мөлшерін біртіндеп азайта бастаған жөн. Алғаш рет ораза ұстайтындар қазірден ауыз бекітіп, ағзасын үйрете берсе болады.
Рамазан айы басталғанша денсаулыққа көңіл бөліп, иммунитетті барынша көтеріп алу керек. Мүмкіндік болса, дәрігерге көрініп, асқазан-ішек жолдарын тексеріп алған жөн. Биыл ораза көктемнің қақ ортасында басталады, сондықтан авитаминоз (ағзадағы витамин жетіспеушілігі) жиі мазалайтын кезге тұспа-тұс келіп тұр. Осы орайда ағзаңызға қажет дәрумендерді, құнарлы тағамды уақытылы ішіп, аптасына кем дегенде бір күн ораза тұту абзал болмақ.
шкі-сыртқы тазалыққа мән беріңіз. Денеңізді таза ұстаңыз. Дәрет алуды білмесеңіз, үйреніңіз. Үйіңізге толықтай тазалық жұмыстарын жүргізіңіз. Әзір кимейтін қалың киімдерді жуып, ұқыптап жинап қойыңыз. Мүлдем кимейтін таза киімдеріңізді мұқтаж жандарға таратыңыз. Үйіңізде ескі-құсқыны, керексіз заттарды жинамаңыз. Ескі заттардан арылыңыз. Үйдің ішін ғана емес, сыртын, ауланы да тазалап қойған жөн. Әктеу, сырлау жұмыстарын да оразаға дейін ертерек аяқтап қойған дұрыс.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика