• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ПРЕЗИДЕНТ: ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІН ДАМЫТУ ҚАЖЕТ

Автор:admin

Мар 15, 2023
Spread the love

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Жиында ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы рухани құндылықтарымызды сақтау маңызды екеніне назар аударды. – Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде, бұл – өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Кеше Президент еліміздің дамуын айқындайтын жиында дін мәселесін көтеріп: «Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде, бұл – өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырамын», – деді. Бұл – Мемлекет басшысының бізге жүктеген тапсырмасы. Сондықтан жергілікті әкімдіктермен бірігіп, ұлттық салт-сананы жаңғырту, дәстүрлі Ислам мектебін қайта қалыптастыру бағытында жұмыс істеуіміз керек», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бас мүфти өз сөзінде бүгінде түрлі жат ағымдардың ата-баба жолына тосқауыл жасауға әрекет етіп жатқанын айта келіп, дәстүрлі Исламды дәріптеуге арналған іс-шараларды ұлғайтуды, мешіттерде бабалар ұстанған дәстүрлі дінді көбірек дәріптеуді тапсырды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мақсатта «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Дін мен дәстүр» (ІІІ томы) кітаптарын жарыққа шығару және Ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы ҚМДБ рөлі жобасын қолға алуды және ҚМДБ-ның 2023-2027 жылдарға арналған даму стратегиялық бағдарламасын дайындауды мүфтият қызметкерлеріне жүктеді.
Сондай ақ облыстарда жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып халыққа пайдалы танымдық іс шараларды ыждағатты атқарады атап өтті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика