• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«АҚНИЕТ» ҚҚ ТЕОЛОГЫ СОТТАЛҒАН ДІНДАРЛАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ

Автор:admin

Мар 15, 2023
Spread the love

Ақпараттық-насихаттық және оңалту орталығы «Aqniet» ҚҚ Ақтөбе облысындағы өкілдігінің теолог-кеңесшісі Шинболатов Оразалы Кенжеахметович «Өңірлерде деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушылармен түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жоба шеңберінде РММ КА-168/2 мекемесінің діндар сотталғандарына «Хасан Әлбасри діндарлығы туралы» дәріс оқыды. «Өңірлерде деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушылармен түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Aqniet» АНОО» ҚҚ іске асыруда.
Жастардың дін ұстануға қызығушылығы артып келеді. Әрине, бұл қуантарлық жайт. Десек те дінді жетік түсініп үлгермеген жас жеткіншектердің сенгіштігін пайдаланып, өзінің арам пиғылын іске асыруға тырысатындар да жеткілікті. Дінге бет бұрып құран, намаз оқуды жаңадан үйреніп келе жатқан жастар бағыт-бағдарды кімнен алады? Жастар құран мен намазды мешіт имамдарынан емес, ғаламтордан үйренуді неге жөн санайды? Баласының дінге бет бұрғанын байқаған ата-ана неге медресседен білім алуға апармайды? Көкейді кернеген түрлі сауалдардың жауабын зерттеуге тырыстым. Қарап отырсақ, цифрландыру жүйесі дінді де айналып өтпегені байқалады. Ғаламтор арқылы құран және намаз оқу, дәрет алу, дін туралы ілім, діни салт-дәстүр және тағы да басқа да дінге қатысты ақпаратты оңай табуға болады. Интернет желісі арқылы діни ақпарат алу үшін бар болғаны іздеу жүйесіне өзіңізді қызықтыратын сұрақты қойсаңыз жеткілікті. Ал ғаламтор ары қарай сіздің іздеген сұрағыңыздың көптеген жауабын шығарып береді. Өзіңізге қажетті ақпаратты оқып немесе видеосын көруіңізге де болады. Өкінішке орай, бұл ақпараттардың арасында жасырын арам пиғылын іске асырғысы келетіндер де толып жатыр. Сонымен қатар, баласының дінге деген қызығушылығы оянғанын байқаған ата-ана оның білімін жетілдіру үшін діни кітапттарды берудің орнына интернеттен ақпарат алуға жағдай жасайды. Оң мен солын танып үлгермеген жас жеткіншек діни білімді ғаламтордан қалай алсын? Интернет ақпарат алудың ең оңай жолы, көкейдегі әрбір сұраққа жауап алу да қол жетімді. Бірақ, осы ғаламторға көп сенудің қажеті жоқ екенін естен шығарып алатынымыз өкінішті-ақ…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика