Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде 2022 жылғы 17 қаңтарда жаңадан мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподақ комитеті арасында 2022-2026 жылдарға арналған ұжымдық шарт жасалып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан 2022 жылғы 27 қаңтар күні №44 болып қайта тіркеуден өткен.
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында штат бойынша 73-ті құрайды, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны – 29, келісім-шарт негізіндегі қызметшілер саны – 44 және бастауыш кәсіподақ ұйымына ай сайын 70-80 мың теңге көлемінде қаржы түсіп отырған.
Яғни, мүшелік жарнаның 70%-і Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетіне беріледі, ал 30%-і қызмет көрсету мақсатында «Қызмет» салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалында қалады.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының жарғысына сәйкес кәсіподақ жарнасынан жиналған қаржы жалпы жиналыстарда қаралып, әр мәселені пысықтап, ол бойынша хаттама жасап, тиісті қаулы қабылдап, орынды жұмсап, актілері жасалып отырған.
2022 жылдың 7 қыркүйегіне дейінгі жағдай бойынша бүгінгі күнге дейін кәсіподақ ұйымының атқарған жұмыстары мен жұмсалған қарыжылар туралы аппараттың ұжымы алдында есеп берілген.
Ол кезде: 2021 жылдың тамыз айы мен 2022 жылдың қыркүйек айы аралығындағы есепті мерзім ішінде мекеменің 6 қызметтік орын-жайларды тазалаушы қызметшісіне әлеуметтік-материалдық көмек ретінде 388,9 мың теңге бөлініп, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында орналасқан «Қазақстан KZ» емдеу шипажайына тегін жолдама берілген және бұл осы мемлекеттік органда алғаш рет қолға алынған үрдіс болған.
Оның бастамасы «Қызмет» салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалынан 2 қызметкерге 30,0 мың теңге әлеуметтік-материалдық көмек беруден бастау алған.
Сонымен бірге, мамыр айында «7 мамыр — «Отан қорғаушылар» күніне орай, мерекелік дастархан жасау үшін 97,5 мың теңге қаржы алынып, оның 75,920 мың теңгесін жаратып, қызметкерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлаған іс-шара өткізген.
Сондай-ақ, «Отбасы күні» мерекесіне орай ұжымның үлгілі отбасылары марапатталып, сый-құрмет көрсетілген.
Кәсіподақ ұйымынан жиналған жалпы қаржыға 2022 жылдың соңында жаңа жылдық банкет ұйымдастырылып, оған жалпы 879 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Оның 544 мың теңгесі кәсіподақ ұйымының жинақталған қаржы қорынан алынған. Ол бойынша қызметшілердің келісім қолдары жинақталып, хаттама түзілген.
Жыл басында «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» атты аязды күндері қар тазалап жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық тамақ тарату акциясын 4 күн бойы өткізіп, күндігіне 120 қызметкерлерді ыстық тамақпен тамақтануға көмектескен. Акция аясында тұрғындарды өз ауласын қардан тазалауға шақырып, сенбілік жұмыстарын белсене атқарған.
Ұжымда қызметін адал және үлгілі атқарып жүрген қызметшілердің ерен еңбектері еленіп, бірқатар марапаттаулар тапсырылып, сый-құрмет көрсетілген.
2023 жылда кәсіподақ ұйымына түсіп жатқан қаржылар жинағы алдағы уақытта оны қандай ортақ мақсатта пайдалану қажеттігі ұжым мүшелерімен талқыланады.
Ия, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті ашықтық пен әділдікті ту етіп, осындай игі істерді атқарып, көшбасшы кәсіподақ ұйымына айналып отыр.