• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ТАЛАБЫНЫҢ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІЛУІНЕ КӘСІПОДАҚ НЕГІЗ БОЛДЫ(2)

Автор:admin

Апр 5, 2023
Spread the love

Ол жөнінде жазбаша талап та қойылған еді. Кездесу барысында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бұл мәселені оңтайлы шешу үшін алдағы уақытта шұғыл түрде Келісім комиссиясы құрылатыннын айтты. Жүргізушілерге заң бұзушылыққа жол берілмеу керек екендігі де айтылды. Сондай-ақ, кәсіподақ еңбек адамының құқығын қорғап, мәселенің оң шешілуіне демеу болатынын жеткізді.
Аталған мәселеге байланысты, 04.04.2023 күні, Кәсіподақ бастамасымен Келісім комиссиясы құрылды. Комиссия аясында мәселеге қатысты ақпараттар жиналып, жағдай пысықталды. 05.04.2023 күні Келісім комиссиясының бірінші отырысы болып өтті, оған жұмыс беруші өкілдері мен кәсіподақ мүшелері қатысты.
Комиссия аясында Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «YNTYMAQ» салалық кәсіподағы және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» АКБ мен Жұмыс берушілер конфедерациясы бірлесе жеткен нәтижені негізге ала отырып, Шымкент қаласы мәслихатының 14.12.2022 жылғы №23/217-VII шешімі және Шымкент қаласы әкімдігінің 23.12.2022ж. №2580 қаулысы негізінде осы салаға бөлінген қаражат субсидия есебінен бөлінетін болып шешілді. Осылайша, кәсіподақтың қолдауымен мәселе оңтайлы шешіліп, жүргізушілердің талабы қанағаттандырылып, жалақы мөлшері 375 мың теңгеге өсті. Сүйінші жаңалықты естіген жүргізушілер жалақының көтерілуіне оң ықпал еткен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы Бауыржан Әлтеевке алғысын айтып, өз ризашылықтарын білдіріп жатты. Келісу комиссиясының қорытындысына сәйкес, бүгінде екі тарап келісімге келіп, еңбек дауы тоқтатылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика