• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ТАЛАБЫНЫҢ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІЛУІНЕ КӘСІПОДАҚ НЕГІЗ БОЛДЫ(1)

Автор:admin

Апр 5, 2023
Spread the love

Осыған дейін Шымкент қаласында қоғамдық көлік жүргізушілері еңбекақының аздығын айтып шағымданған болатын. Оған шаһардағы 2023 жылдың 1 наурызынан бастап қалалық қоғамдық көліктерде кондукторларды қысқартып, электронды билетке толығымен көшуі негіз болған. Аталған мәселеге байланысты «YNTYMAQ» шағын және орта бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіподағы құрамындағы «ТТК» ЖШС, «Радуга» ЖШС, «T-BUS» ЖШС және автопарктерінің қоғамдық көлік жүргізушілері өздеріне жалақы мөлшерін көбейтуді талап етті. Орын алған жағдай шұғыл түрде кәсіподақтың назарына алынып, бақылауда болды. Аталған мәселені алдын-алу мақсатында 02.04.2023ж. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Мұхтар Қоқанбаев, төлем жүйесінің мамандары мен автопарк басшылары 100-ге жуық жүргізушілермен кездесу өткізді. Кездесуде жүргізушілер өз талаптарын қойып, еңбек ақыны 320-360 мың тенгеге көтеруді сұрады. Бүгінгі күнге дейін жүргізушілер 15 күндік жұмыс күніне 150-160 мың тенге көлемінде айлық алып келген. Ал компания басшылығы қызметкерлерінің талабын орындауға қауқарсыз болды. Себебі, компанияның бүгінгі таңда банк алдында лизингтік несие қаражатын төлеу жауапкершілігі бар екенін атап өтті. Автопаркке түскен табыс және мемлекет тарапынан берілетін субсидия көлемімен шығыстарды есептей келе, бүгінде жүргізушілерге белгіленген 15 күндік айлық көлемі 275 мың теңге болып отыр. Төленетін салық және әлеуметтік салықтардан кейін қалатын, қолдарында таза алатын айлықтары 225 мың тенге болып тұр. Бұрынғы алатын айлықтарының үстіне 70 мың тенге көлемінде қосылып тұр. Алайда, жүргізушілер ол еңбекақыны қанағат тұтпай, жалақыны 320-360 мың тенгеге көтеруін талап етті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика