• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖЫЛЫ» АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ «TAU — PRODUCT» ЖШС-Ң ҰЖЫМЫНДА ӨТТІ

Автор:admin

Мар 15, 2023
Spread the love

Кез келген компания үшін еңбек қауіп­сіз­дігін сақтау – маңызды бағыт. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды азайту мақсатында, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдармен және әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқан өткізу туралы шешім қабылданған.
Аталған ақпараттық науқанның мақсаты кәсіпорындардың, компаниялардың, мемлекеттік құрылымдардың жұмыс берушілері мен жұмыскерлерінің назарын жұмыс орындарында сау әрі қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыруға аудару болып табылады.
Осы орайда, Шымкентте «Қауіпсіз еңбек жылы» аясындағы кездесулер жалғасуда.
Кезекті кездесуді «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов шахардағы ірі кәсіпорындардың бірі — «TAU — PRODUCT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымында өткізді.
«TAU — PRODUCT» компаниясы бүгінде алкогольсіз сусындар, минералды сулар және басқа бөтелкедегі суларды өндірумен айналысады.
Кәсіпорын ұжымымен кездесу барысында қатысушыларға биыл «Қауіпсіз еңбек жылына» орай, еңбек адамының кауіпсіздігі басты назарда екені айтылып, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау және еңбек дауларын алдын-алу, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын көтеру сынды түрлі ақпарат айтылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жөнінде де әңгіме өрбіді.
Жиын соңында қатысушылар аталмыш шаралардың жиі болып тұруын айтып, алған мағлұматтарына алғыс білдірді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика