• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕЗЕКТІ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ «ГАУҺАР» ТІГІН ФАБРИКАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨТТІ

Автор:admin

Мар 15, 2023
Spread the love

Елімізде жеңіл өнеркәсіптің өрісін кеңейтіп, заманауи үлгідегі сапалы өнімдерін нарыққа шығарушы «Гауһар» тігін фабрикасының қызметкерлеріне «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов семинар тренинг өткізді.
«Гауһар» тігін фабрикасы бүгінгі таңда өңіріміздегі тігін өндірісінен 20 жылдық тарихы бар алдыңғы қатардағы кәсіпорындарының бірі. Фабрикада 250 қыз-келіншек тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын жылына 400 мың дана арнайы, әскери киім мен мектеп формасын тігіп шығарады. Фабрика өнімдері тек отандық нарыққа ғана емес, сонымен бірге ел аумағынан тысқары жерлерде де танылып үлгерген. Бұдан бөлек ішкі нарықты да қажетті тігін бұйымдарымен тұрақты қамтып келеді.
Семинар барысында қатысушыларға еңбек қатынастарын реттеу, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек адамына құқықтық көмек көрсету жөнінде ақпарат берілді.
Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек жиында өңірлік Кәсіподақтар орталығы еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісіп, биыл Кәсіподақтар Федерациясының «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі басты назарда екенін алға тартты.
Сонымен қатар, кездесуде қызметкерлердің ұсыныстары тыңдалып, қойылған сұрақтарына жауаптар берілді. Семинар соңында спикерлер өндіріс орнын аралап, жұмысшылардың тыныс-тіршілігімен танысып шықты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика