• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Автор:admin

Апр 17, 2023
Spread the love

Балабақшадан бастап, білім берудің барлық деңгейлерінде халықтың сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етумақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленген болатын. Жобаға сай 2026 жылға қарай орын тапшылығын, үш ауысыммен оқытуды және апатты мектептерді жою үшін 842 000 жаңа орын, орта білім беру саласы бойынша негізгі капиталға инвестициялар 109 пайызға, білім алушылардың қолайлы жағдайларға, пәндік кабинеттерге, жабдықтарға, зертханаларға, интернетке қол жеткізуі бойынша өңірлер, ауыл және қала арасындағы алшақтықты жою арқылы білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және мектеп объектілерін салу және іске қосу есебінен 100 мың уақытша және тұрақты жұмыс орын ашу көзделіп отыр.

Еліміз бойынша жалпы 2023-2025 жылдары 401 жаңа мектеп салу жоспарлануда. Жобаның құны 2,6 трлн теңге. Бұл мемлекттік инвестициялар есебінен жүзеге асады.

Жаңа мектептер эргономикаға сәйкес оқу жабдықтарының және жиһаздың толық жиынтығы, яғни, бастауыш және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктар, жылжымалы трансформер үстелдер, трансформациялау мүмкіндігі бар әмбебап акт залы, балаларға арналған жеке шакфтар, оқу-зертханалық жабдықтар, ауызсу фонтандары, жылдамдығы кемінде 100 МБит/с интернет, Wi-Fi, жаңа модификация кабинеттері, яғни, оқу зертханалары, компьютерлік сыныптары бар физика, химия, биология кабинеттері, интелектум, робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, «Әмбебап дизайн» қағидатын ескере отырып, ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға ыңғайлы мектеп кеңістігі, мектептің заманауи эстетикалық тартымды сыртқы-ішкі бейнесі, яғни ұлттық стиль, білім алушылар мен педагогтардың қауіпсіздігі – бейнебақылау, дыбыстық хабарлау, террористік қауіп туындаған кезде есіктер мен блоктарды бұғаттау жөніндегі функциялар, спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау (1-4 және 5-11 сынып оқушыларына арналған спорт залдары, жабдықтар, волейбол, баскетбол, футбол, теннис, жүгіру үшін арнайы алаңдар), оқуға және бос уақытты тиімді өткізуге арналған жерлер (кітапсақтайтн жер мен оқу залы, медиатекасы, элеткронды нұсқасы бар кітапхана, әр қабатта коворкинг аймағы бар), білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту аймақтары (әмбебап шеберханалар мен студиялар, бастауыш кәсіптік білім беруге арналған кабинеттер-тігінші, аспазшы, IT, ұста және тағы басқа, тамақтану блоктары «асханалар, буфеттер, тамақ дайындау, азық-түлік сақтау аймақтары және тағы басқа, педагогтарға арнайы жабдықталған жұмыс аймақтары, яғни, мұғалімдер кабинеті, коворкинг-аймақтар және тағы басқа қажеті құралдармен жабдықталатын болады.

Жаңа мектептерді педагогтармен қамтамасыз ету жұмыстары жеті бағыт бойынша жүзеге аспақ:

  • Мектеп директорлары мен падагогтарын алдын ала тағайындау бойынша нормаларды енгізу;
  • Мұғалімдерді бір мектептен екінші мектепке конкурссыз ауыстыру;
  • Мектептерді «бүйірлік кіреберіс» арқылы педагогтермен қамтамасыз ету;
  • Мектеп диреткорлары үшін менеджмент және көшбасшылық бойынша арнайы курстар өткізу;
  • Пәндер бойынша педагогтар үшін біліктілікті арттыру және оқу процесін тиімді құру курстарын ұйымдастыру;
  • Білім беру сапасын жақсарту, сондай-ақ оқу жетістіктерінің сапасын сырттай бағалау үшін сабақтарды бірлесіп жоспарлау және талдау қағидаттарын енгізу;
  • Оқушылардың білім сапасының жыл сайынғы мониторингі.

Нәтижесінде, алдағы бес жылда 55 мыңға жуық мұғалімді мектепке қабылдауды жүзеге асыру көзделуде. Дегенмен, әлі де 40 мыңға жуық маман сұранысқа ие.

Жоба аясында білім мекемелерінің құрылысы биыл басталады. Шымкент қаласында да жоба аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Аптаның алғашқы күні қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен арнайы жиында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру тетіктері қарастырылды. Пилоттық жоба аясында қала аумағында 25 мектептің құрылысы жоспарланған. Биыл 17 300 орынға арналған 12 мектептің құрылысы  басталады. Алдағы жылы 20 400 орынға арналған 13 мектеп салынып, 2025 жылы пайдалануға тапсыру көзделуде.

Тиісті басқарма басшыларының қатысуымен өткен басқосуда нысандарды

инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамту барысы талқыланды. Мұрат Дүйсенбекұлы жоспарланған мектеп ғимараттарына қажетті табиғи газ, электр, су жүйелерін, жолдарды талаптарға сай жүргізуді тапсырды.

“Ең алдымен балалардың қауіпсіздігіне мән берілуі керек. Мектептердің  көшелерін жарықтандыруды және бейнебақылау жүйелерімен қамтуды ұйымдастырыңыздар. Мектепке қатынайтын қосымша маршруттар бекітіңіздер. Білім ғимараттары түгелдей  жылдам интернетпен қамтылуы тиіс” — деді қала әкімі.

Сондай-ақ халықтың демографиялық өсу динамикасын ескеріп, алдағы уақытта білім ғимараттарының орындарын Бас жоспарға сәйкес белгілеп алу қажеттігін ескертті.  Басқарма басшыларына  құрылыс барысындағы өзекті мәселелерді бірлесе, дер кезінде оңтайлы шешуді тапсырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика