• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

РАМАЗАН — РУХАНИ ТӘРБИЕ АЙЫ

Автор:admin

Апр 15, 2023
Spread the love

Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Рамазан — рухани тәрбие айы» тақырыбында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы Шымкент қаласы Жастар ісі секторы жетекшісі Керімбеков Анарғали Пірәліұлы Орталық Азия Инновациялық университетінің жастарымен кездесті.

Мақсаты – жастарға діни сауаттылық бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу және жат ағымдардан аулақ болуға шақыру.

Рамазан – айлардың ішіндегі сұлтаны, мұсылман қауымының сағына күтіп, қимай қоштасатын айы. Өйткені, адам баласының тәнін, жан дүниесін тәрбиелейтін ораза құлшылығы осы айда парыз етілген.

Қазақта «Ала жіпті аттама», «Кең болсаң кем болмайсың», «Сабыр түбі – сары алтын», «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» т.б. көптеген салиқалы сөз бар. Мұның барлығы Алладан келген іліммен ұштасып жатқан кемел ұғымдар. Осы сияқты бабалар өсиетіне немқұрайды қарауға болмайды. Осы нәрселерді неғұрлым өмірімізге кіріктірер болсақ, соғұрлым жүректегі тазалық күшейеді. Бүгінгі келіп жеткен ораза құлшылықтан талап етілетін дүние осы – жүрек тазалығы, яғни рухани жаңару жолы.

Жүрегін тазалау арқылы рухани жаңарған адам басқаларға жақсылық жасауға бейім. Иман тілінде мұндай тұлғаны «тура жол мәдениетін ұстаушы» дейді. Демек құрметті жамағат, бүгінгі келіп жеткен Рамазан айының оразасын ұстап, өз нәпсіңізбен арпалысып, осы айдың ішінде тілімізді, мінезімізді, жүріс-тұрысымызды, қарым-қатынасымызды, ойымызды тазартып, рухани жаңаруымыз керек.

Сонымен қатар, адамзатты ақиқат жолға үндейтін қасиетті Құран кітабы осы айда түсірілді. Сондықтан бұл айда жасалған әрбір жақсы амалдар елеусіз қалмай, сауабы еселене түседі, — деді Анарғали Пірәліұлы.

Кездесу соңында жастар сұрақ-жауап алмасып, естелікке суретке түсті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика