• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

МЕДИАТОР ЖҰМЫСЫ – ДАУДЫ ШЕШУ КЕПІЛІ

Автор:admin

Апр 12, 2023
Spread the love

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жастары арасында медиация қызметін дәріптеу бағытында тренинг ұйымдастырылды.
Тренингке қалалық ҚХА жанындағы медиация кеңесінің төрайымы, «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Л. Ақшегірова және «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директор орынбасары С. Абдукаримова қатысып, жастарға «Медиация» ұғымы мен қызметі жөнінде кеңінен түсіндіріп өтті.
Жиынға қатысқан медиаторлар жастарға, әсіресе заң саласы бойынша білім алып жатқан студенттерге медиацияны меңгерудің маңыздылығы зор екенін айтты. «Медиация үлкен сала. Медиация арқылы екі жақ келісіп, сотқа дейін мәселені шешіп кете алады. Кезінде қазақ даласында ешқандай прокурор, милиция, түрме болмаған. Онсыз-ақ ғасырлар бойы берекелі өмір сүріп келгенбіз. Тек бітімгершілік, келісім болған. Қазақ сөзге тоқтаған халық. Дау болса билер мен қазылар шешіп отырған. Медиация – дау-дамайды ушықтырмай, сотқа дейін келісімге алып келу. Соттардың ісін жеңілдетеді. Қоғамдағы саяси морлальдік ахуал реттеліп, адамдар арасындағы кешірімшілдік пен ауызбіршілік сияқты құнды қасиеттеріміз жанданады есептеймін.
Жалпы медацияның олдану аймағы:
— денсаулық сақтаудағы медиация;
— коммерциялық дауларда;
— ішкі және арасындағы корпоративтік дауларда;
— банк және сақтандыру саласындағы дауларда;
— жобаларды сүйемелдеу, оларды іске асыруда;
— қозғайтын көптеген тараптарда;
— жұмыстағы дауларда;
— отбасылық дауларда;
— авторлық құқыққа және зияткерлік меншікке қатысты дауларда;
— білім саласындағы медиация;
— мәдениетаралық даулар және басқалары.
Медиатор — бұл бітімгер. Жалпы, Медиация – бұл «Не істеу керек?», басты мәселе «Кім кінәлі?» деген сауалдарға жауап алу. Медиацияның дауларды шешудің басқа тәсілдерінен негізгі айырмашылығы ол тараптардың әрқайсысын ұйымдастыратын және олар үшін бірдей тиімді болатын жанжалдың шешімін табуға көмектеседі, — деді Лаура Мұратқызы.
Тренинг соңында жастар тарапынан түрлі сауалдар қойылып, пікірлер алмасылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика