Демек бойымыздағы жастық жігерімізді, күш -қуатымызды, жаңашылдығымызды жастарды
тәрбиелеуге жұмсауымыз керек. Болашақта өз жастарымыз биік белестерден
көрсек, сол үшін өзіміздің кішкене де болса үлесіміз тиген болса, өзімізді
бақытты аға ұрпақ, бақытты адам деп білемін.
Президентіміз «Қaзaқстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер
oларға қaлaй бiлiм берсеңiздер, Қазaқстан сол-деңгейде болады» деп атап
көрсеткен. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбeкқорлығына, талап-тiлегiне,
арман-мұрaтына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра бoлып келе
жaтқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жaңғыртып, oны
алға бaстырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлeне
ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жaстaр еңбек жолына түскенде ғaна
қоғамын өрге бастыра алады. Oтаншыл халық жастары болмаған елдiң
болашағы қараңғы. Жаңа заман тәуелсiз ел мұрaты — жaстaрдың бiлiмi мен
бiлiктiлiкке талпынып әрeкеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр.
Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы жарияланған жолдауы жастарды бір
серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Еліміздің тірегі, соғып тұрған жүрегі деп айта аламын. Ал бүгінгі жастармыз қандай? Еліміз үшін жастарымыздың қолынан не келеді? Бұрынғы жастар мен қазіргі жастардың айырмашылығы неде? Жастар бойынан қандай қасиеттерді көре аламыз? деген сауалдарға жауап беріп, үңіліп көрсем. Біріншіден, бүгінгі жастарды-кешегі жастармен салыстыруға келмейді. Арада жер мен көктей айырмашылық бар.Бүгінгі жастарда еркін ой, ұлттық рух бар.Олардың бойынан іскерлік пен талантты көре отырып, алға деген ұмтылысты байқаймыз. Екіншіден, уақыт талабына сай шет елдерде оқып келіп, ғылым мен техника,білім мен мәдениетті үш тілде меңгеріп, қолдарынан келгенше елде өз кәсіптерін ашып, пайдасын тигізуде.Күні кешегі ауыл жастары «екі қолға бір күрек» таба алмай жүрген болса, бүгінде мемлекет есебінен берілетін несиелерді тиімді пайдаланып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отырған жастарымыз бар. Бұрынғы жастарға тіл тигізуден аулақпын. Оларда өз кезеңінде жасындай жарқылдады. Сұлтанмахмұт, Әлихан, Ахметтер, Мұхтар сияқты дара тұлғалар да еліміз үшін өз үлестерін қосса, Махамбет пен Исатайлар жеріміз үшін қан төкті. Олардың еліміз үшін жасаған ерліктері де көзсіз ерлік 8 дер едім.Тарихқа үңілсек, жалынды жастар сол кезде де бар екенін көреміз.Тек заман басқа, саясат басқа еді. Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалаң ,-деп Абай атамыз айтқандай мен де еліме өз үлесімді тигізіп келемін деген ойдамын. Ауыл балаларына сабақ беріп, ана тіліміздің қыр-сырын тереңнен үйрете жүріп,әдебиетіміз бен мәдениетімізді, тарихымызды білуге дәріптеп, саналарына сәуле құйып,рухани азық беріп жүрмін. Күніне жүзден астам шәкіртке дәріс беріп,көздерін ашып, көкіректеріне білім нәрін сеуіп жүрген ұстазбын деп мақтанышпен айта аламын. Өз ойымды қорытындылайтын болсам, жастар-елдің келешегі. Жастар — тәуелсіз елдің қайсар ұландары.Жүрегі қазақ деп соққан жас ұрпаққа болашақта білім мен ізденіс,табандылық тілеймін. Кез-келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Атабабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы- білімді де білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де жастардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші– жастар. Жасыратыны жоқ, республикамыздың барлық өңірлерінде жастар белсенділігі күшейіп келеді. Жастар әлеуметтік және қоғамдық өмірдің белортасынан табылып келеді. Елбасының Қазақстан жастарына деген сенімі жоғары екендігін, бүгінгі қыз- 9 жігіттеріміздің интелектуалдық белсенділігін жоғары бағалайтындығын білеміз. Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда,яғни жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез-келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беру керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ. Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқылануы- оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындағын аңғартады. Статистика агенттігінің жүргізген моноторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздегі адам санының 4,5 миллионнан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз –жалпы халықтың 30 пайызы жастар деген сөз. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгіннен бастап, қандай тәрбие алуы мен отансүйгіштік қасиеттің дамуы аса маңызды. Ең әуелі жастар бойында рухани адамгершілік, саяси интелекттік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн.Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейдегі форумдарда белсенді қазақ жастарының басы қосылып, жұртшылық алдында сөз сөйлеген жастарымыз ұлтаралық татулық пен қазақ халқының мәдени және тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып жатқандығы көңіл қуантарлық жағдай. Кешегі күн кетті,көп нәрсе қолымызғы жетті, бірақ ұлттық намысымызды, тілімізді әлсіретіп алдық. Мәңгүрттенген жоқпыз, бірақ соған жақындап қалдық.Біз ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп отырмыз. Ендігі кезек- жастарда.Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге атсалысу – басты парызымыз. Жастар–жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.Жастарымыздың бойында елжандылық, азаматтық пен адамгершілік сезімдері жан-жақты жетілгенде ғана патриотымыз парасаты асқақтай түспейме? Халқымыздың бойындағы патриоттық құндылық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырғандығы тарихтан мәлім.Жастарды жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жасампаз үлгісін жаңғырта беру мақсатында жаңа ғасырғы еліміздің интелектуалдық элитасын қалыптастыруға, мемлекетіміздің басты игілігі болып саналатын этносаралық келісімді, татулық пен бірлікті қорғауға шақыруымыз керек. Заманның заңғар тұлғаларының бірі–Міржақып Дулатов: «Алыстан алаш десе, аттанамын, қазақты қазақ десе мақтанамын»,- деп айтқанындай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарымыз жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің бастауында тұрғанда бүгінгі жас ұрпақпен әрқашанда мақтанамыз.
R-ақпарат