Шымкент қаласы «Достық үйі» ғимаратында қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері ұйымдастыруымен еркін форматтағы жастардың кездесуі өтті.
Бас қосуда «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық өкілдігінің төрағасы Н.Мейірбеков 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын және жаңа құрамын бекітті. Қалалық ассамблея жастары төрағасының орынбасары болып Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенті М.Нышан бірауыздан сайланды.
«Ассамблея жастарымен, жастар ұйымдарының және бірлестіктерінің өкілдерімен олардың жұмысындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін кездесіп отырмыз. Қазіргі таң¬да жастар ұйымы қабылдаған шаралардың тиімділігі мен нәтижелі болуы жастар бастамасын дамытудың өлшеміне айналып отыр», деді жаңадан сайланған төраға.
«Ассамблея жастары» ұйымының басты бағыты жөнінде айтып берді. «Ұйымның мақсаты – жастарды қоғамдық келісім негізінде топ¬тастыру, жастардың бастамаларын дамыту және әлеуметтік тұрғыда қолдау. Бүгінде біз ал¬дымызға жастарға нақты көмек беру жөнінде мақсат қойып отырмыз. Бүгінде еліміздің 14 облысы мен республикалық маңызы бар үш қалада өкілдігіміз бар», деді ол.
Сонымен қатар түрлі этнос жастарын біріктіре отырып белсенді орта құру, жастарды белсенділікке шақыру. Рухани жаңғыру, жастардың санасындағы керітартушылық стереотипті жою. Қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылатын қоғамдық-мәдени және қайырымдылық шараларына белсене қатысу.
Сондай-ақ, жиында «Ассамблея жастары» ұйымы мүшелерінің қоғамдық белсенділігін арттыру, әлеуметтік желілердегі контентін ұлғайту жөнінде кеңінен талқыланды.