2023 жылғы 17 наурыз күні Шымкент қаласы, «Достық үйі» ғимаратына Әзірбайжан Республикасы диаспорасымен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитетінің түркі тілдес диаспорасымен жұмыс жөніндегі секторының жетекші консультанты Б. Маликова жұмыс сапарымен мегаполиске келді.
Әзірбайжандық делегат Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Достық үйі» ғимаратының қызметімен танысып, өзара пікірлер алмасылды.
Шымкент қаласында қазіргі таңда 17 мыңнан астам әзірбайжан этносының өкілдері бар. Олар бұл аймаққа 1937-1948 жылдар аралығында кеңес өкіметінің ұлттарды депортациялауға қатысты солақай саясатының салдарынан қоныстанған. Жалпы әзірбайжан этно-мәдени бірлестігі 1999 жылдан бері жұмыс істеуде. Бірлестікке бүгінде Ибрагимов Натиг Надироглы төрағалық етеді.
Әзірбайжан этно-мәдени бірлестігінің жанынан «Арзу достлугу» ансамблі құрылған. Этно-мәдени бірлестік ел бірлігін бекемдеу, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы бастамаларға қолдау көрсетіп келеді. Сондай-ақ, өздерінің ана тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін жас буынға үйрету бағытында да ауқымды жұмыстардың атқарылуына ұйытқы болуда. Әр жылы «Әзірбайжан халқының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» мерекесі өткізіледі.
Әзірбайжан халқы да наурыз мейрамын асыға күтіп, барынша сән-салтанатымен тойлайды. Сэмэни атты ас дайындайды. Мейрам күні отбасының барлық мүшелері бір шаңырақ астына жиналады. Әзірбайжандардың этно-бірлестіктерінің қызметін Қазақстан әзірбайжандарының «Вэтэн» конгресі үйлестіреді.