• Чт. Окт 22nd, 2026
Популярные метки

Түркістанда құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыру бойынша тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді

Автор:admin

Авг 10, 2026

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заң үстемдігін орнықтыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру — кез келген дамыған қоғамның басты негіздерінің бірі болып табылады. Осы бағытта Түркістан қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғындар мен жастардың құқықтық мәдениетін көтеру және шаһарда қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында кең көлемді социологиялық сауалнама жүргізіліп, халықтың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

Түркістан қалалық Жастар ресурстық орталығының мамандары, полиция қызметкерлері мен белсенді волонтерлердің қатысуымен ұйымдастырылған бұл шара шаһардың халық көп шоғырланған орындарында, сауда орталықтарында, саябақтарда және жоғары әрі арнаулы орта оқу орындарында өткізілді. Зерттеудің басты мақсаты — қала тұрғындары мен жастарды толғандыратын құқықтық мәселелерді анықтау, заңбұзушылықтардың орын алу себептерін сараптау және олардың алдын алудың тиімді жолдарын халықпен бірлесе отырып айқындау.

Сауалнама барысында қатысушыларға қоғамдық тәртіпті сақтау, көшедегі және интернеттегі қауіпсіздік, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, майда бұзақылық пен вандализмнің алдын алу бойынша арнайы сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, тұрғындар мен жастар құқық қорғау органдарымен өзара байланыс сапасын арттыру, қаладағы бейнебақылау жүйелері мен жарықтандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде өздерінің нақты ұсыныстары мен пікірлерін ашық білдірді.

Жиналған респонденттердің басым бөлігі мұндай сауалнамалардың жиі өткізіліп тұруы маңызды екенін атап өтті. Сауалнамаға қатысушылардың айтуынша, заң талаптарын сақтау — бұл тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі. Кез келген құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» таныту арқылы гана тұрақты әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыруға болады.

Алынған сауалнама нәтижелері мен тұрғындар тарапынан түскен құнды ұсыныстар алдағы уақытта Түркістан қаласында өткізілетін профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының жоспарын құруда ескерілетін болады. Шара соңында қатысушыларға құқықтық кеңестер, шұғыл байланыс нөмірлері мен қауіпсіздік ережелері жазылған арнайы ақпараттық жадынамалар таратылды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу — баршамызға ортақ міндет! Заңды құрметтеу, құқықтық мәдениетті күнделікті өмірлік әдепке айналдыру және қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысу — жарқын әрі қауіпсіз болашақтың кепілі. «Бірге — қауіпсіз қоғам үшін!» ұранымен өткең бұл бастама Түркістан жастары мен тұрғындарын біріктіретін маңызды азаматтық қадам болды.

Түркістан қаласында азаматтардың құқықтық сауаттылығын шыңдауға және қауіпсіз қала ортасын құруға бағытталған мұндай социологиялық зерттеулер мен ашық диалог алаңдары алдағы уақытта да жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика