• Ср. Авг 26th, 2026
Популярные метки

Түркістанда «Жасыл ел» жасақтарының бос уақыты тиімді ұйымдастырылуда

Автор:admin

Авг 6, 2026

Түркістан қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жас ұрпақтың бойында еңбекқорлық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының маусымдық жұмыстары қарқынды түрде жалғасып келеді. Түркістанның сәулетіне сән қосып, шаһардың тазалығы мен жасыл-желекке бөркенуіне өздерінің сүбелі үлестерін қосып жүрген белсенді жастар тек тынымсыз еңбекпен ғана шектеліп қалып жатқан жоқ. Олар күнделікті қарбалас жұмыстан кейін бос уақыттарын да сапалы, мазмұнды әрі пайдалы өткізуді әдепке айналдырған.

Жуырда еңбекпен қатар сергіту демалысын да шебер ұйымдастыра білген «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері үшін арнайы танымдық-демалыс сағаты өткізілді. Жастар бос уақыттарында логикалық ойлауды, психологиялық байқампаздық пен тапқырлықты талап ететін айлалы «Мафия» ойынын және әртүрлі командалық, интеллектуалды сайыстарды ұйымдастырып, уақыттарын өте қызықты өткізді.

Мұндай заманауи ұжымдық ойындар жасақшылар арасындағы өзара ауызбіршілік пен ұйымшылдықты арттырып, достық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен септігін тигізеді. Сонымен қатар, бұл шаралар жастардың бойындағы көшбасшылық қасиеттерді шыңдап, коммуникациялық дағдыларын дамытуға, тығыз жұмыс графигінен кейін рухани сергіп, бойларына жаңа күш-гер қуат жинауға мүмкіндік береді. Жастардың мұндай бейресми жағдайда басын қосып, пікір алысуы олардың әлеуметтік белсенділігін арттыра түседі.

Айта кету керек, «Жасыл ел» бағдарламасы – бұл жай ғана жастарды маусымдық жұмыспен қамту жобасы емес. Бұл – жас буынды отансүйгіштікке, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға, еңбек арқылы тұлға ретінде қалыптасуға тәрбиелейтін ауқымды әлеуметтік платформа. Шаһардың жасыл желегін көбейтуге атсалысып жүрген жастар өздерінің туған қаласына деген сүйіспеншіліктерін нақты іспен дәлелдеп келеді.

Түркістандық жастардың қаланы көркейтудегі, оның экологиялық жағдайын жақсартудағы және бос уақытты тиімді пайдаланудағы бұл үлгілі бастамалары маусым аяқталғанға дейін өзінің жүйелі жалғасын табатын болады. Алдағы уақытта да жасақшылар үшін түрлі мәдени, спорттық және интеллектуалды шараларды өткізу жоспарланған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *