• Вс. Авг 23rd, 2026
Популярные метки

ҚҰРЫЛТАЙ: САЯСИ НАУҚАНҒА ОРАЙ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН АРНАЙЫ ЖӘРМЕҢКЕЛЕР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Автор:admin

Авг 23, 2026

23 тамыз Құрылтай сайлауына байланысты өңірдегі Мақтаарал, Жетісай және Келес аудандарында тұрғындар үшін арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл шара сайлауға келген азаматтардың көңіл күйін көтеріп, ерекше қуаныш сыйлады. Жәрмеңкеде қойылған тауарлар нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен саудаланды.

Айта кетейік, ел тарихында алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай – қоғамдық-саяси өмірдегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл бастама халықтың пікірін білдіруге, ел болашағына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға және ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Құрылтайдың ерекшелігі – қоғам өкілдерінің белсенді қатысуы мен азаматтардың өз ұстанымын ашық білдіруіне жағдай жасалуы. Мұндай маңызды сәтте әрбір азаматтың дауысы мен пікірі құнды. Себебі елдің ертеңі – барша халықтың ортақ жауапкершілігі мен белсенділігіне байланысты. Бұл тұрғыда Түркістан облысы тұрғындары саяси науқанда белсенділік танытуда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *