• Сб. Авг 22nd, 2026
Популярные метки

Ақжар шағын ауданында жаңа балалар ойын алаңы ашылды

Автор:admin

Авг 22, 2026

Шымкенттің Тұран ауданындағы Ақжар шағын ауданында жаңа балалар ойын алаңы тұрғындар игілігіне берілді.

Белқұдық көшесі бойында орналасқан нысан «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылып, оған жергілікті бюджеттен 35 млн теңге бөлінді. Алаң тұрғындардың ұсынысы негізінде салынған.

Тұран ауданында биыл 28 балалар ойын алаңын салу жоспарланған. Ақжардағы нысан — аудан аумағында ашылған 12-ші ойын алаңы.

Ашылу рәсімінде балаларға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, тұрғындар жаңа нысанның игілікке берілгеніне ризашылықтарын білдірді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *