• Чт. Авг 20th, 2026
Популярные метки

ҚҰРЫЛТАЙ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН БІРГЕ АЙҚЫНДАЙТЫН АЛАҢ

Автор:admin

Авг 20, 2026

Алда еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқан – Құрылтай сайлауы тұр. Бұл – ел болашағына қатысты мәселелерді ортаға салып, халықтың ой-пікірін ескеріп, алдағы мақсат-міндеттерді айқындайтын маңызды кезең.

Құрылтайдың мәні – ел бірлігін нығайтып, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара түсіністік пен ашық диалогты қалыптастыруда. Қазір Қазақстан түрлі салаларда жаңғыру жолында. Бұл үдерісте мемлекет пен қоғамның өзара байланысы, ортақ мәселелерді бірге талқылап, ел игілігіне бағытталған шешімдер қабылдауы айрықша маңызға ие.

Дәрігер ретінде мен үшін халық денсаулығының орны бөлек. Себебі дені сау ұлт – мемлекеттің басты тірегі. Елдің экономикалық әлеуеті артып, білім мен ғылым дамыған сайын денсаулық сақтау саласы да заман талабына сай жетіле түсуі керек. Медицинаға заманауи технологиялар енгізіліп, медициналық ұйымдардың мүмкіндігі кеңейіп, тұрғындарға көрсетілетін көмектің сапасы мен қолжетімділігі арта береді.

Қандай өзгеріс пен реформа жасалса да, оның түпкі мақсаты – адамның әл-ауқатын жақсарту. Азаматтың денсаулығы, отбасының тыныштығы, балалардың болашағы – қоғам дамуының негізгі өлшемі.

Құрылтай елдің көкейіндегі мәселелерді талқылап қана қоймай, нақты бастамалар мен игі істерге жол ашатын маңызды алаң болады деп сенемін. Өйткені елдің қуаты – оның азаматтарының бірлігі мен еңбегінде. Қазақстанның болашағын бір ғана тарап емес, барша қоғам болып қалыптастырамыз.

Құрылтай ел дамуына жаңа серпін беріп, елдік мүдде жолындағы ортақ бастамалардың жүзеге асуына ықпал етсін. Қазақстанымызда әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылық орнап, халқымыздың тұрмысы жақсара берсін. Еліміз еңселі, болашағымыз жарқын болғай!

Беркін ТҮРКҰЛОВ,
«№2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК бас дәрігері

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *