• Ср. Авг 12th, 2026
Популярные метки

Құрылтай сайлауы: жаңа саяси жүйедегі маңызды қадам

Автор:admin

Авг 12, 2026

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстанда І шақырылымдағы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтеді. Бұл – еліміздің конституциялық жаңғыруы аясында жүзеге асатын маңызды саяси оқиғалардың бірі. Сайлау қорытындысы бойынша бес жылдық өкілеттік мерзімге Қазақстан Республикасының жаңа бір палаталы заң шығарушы органы – Құрылтайдың 145 депутаты сайланады.
Алдағы сайлаудың басты ерекшелігі – оның жаңарған конституциялық модель аясында өтетін алғашқы саяси науқан болуында. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген конституциялық өзгерістер нәтижесінде Қазақстанның заң шығару жүйесінде жаңа институционалдық модель қалыптасты. Соған сәйкес бұрынғы екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылып, оның заң шығару қызметін жүзеге асыратын өкілді орган ретіндегі құқықтық негізі айқындалды.
Жаңа модель мемлекеттік билік жүйесін жетілдіруге, заң шығару үдерісінің тиімділігін арттыруға және өкілді биліктің жұмысын жаңа форматта ұйымдастыруға бағытталған. Құрылтайдың қалыптасуы мемлекеттік институттарды заман талабына бейімдеу, олардың өзара іс-қимылын жетілдіру және азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысу мүмкіндігін кеңейту міндеттерімен сабақтас.
Осы сайлауға байланысты азаматтардың білуі тиіс жаңа талаптар да бар. Соның бірі – дауыс беру кезінде толтырылған бюллетеньді фотоға немесе бейнежазбаға түсіруге және оны таратуға қойылған шектеу. Бұл талап 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген сайлау заңнамасындағы өзгерістер аясында белгіленді.
Яғни сайлаушы дауыс беру кезінде өз таңдауын жасап, бюллетеньді белгіленген тәртіппен сайлау жәшігіне салуы тиіс. Толтырылған бюллетеньді телефонға түсіріп, оны әлеуметтік желілерде жариялауға немесе басқа жолмен таратуға болмайды. Бұл талап, ең алдымен, дауыс беру құпиясын және азаматтың еркін ерік білдіру құқығын қорғауға бағытталған. Бюллетеньдегі таңдауды жария түрде көрсету сайлаушыға сыртқы ықпал етуге немесе оның дауыс беру құпиясының бұзылуына алып келуі мүмкін.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *