• Чт. Июл 9th, 2026
Популярные метки

ХАЛЫҚТЫҢ ОРТАША АТАУЛЫ АҚШАЛАЙ ТАБЫСЫ 11,8% ҰЛҒАЙДЫ

Автор:admin

Июл 9, 2026

2026 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары айына 252 619 теңгені құрады және 2025 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 11,8% өсті. Осы кезеңнің тұтыну бағаларының индексін (11,7%) ескере отырып, халықтың ақшалай табыстары нақты мәнде 0,1% өсті.

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы (408 182 теңге) және Ұлытау облысында (353 036 теңге) белгіленді.

Өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда өңірлер бөлінісінде атаулы ақшалай табыстардың ең үлкен өсімі Алматы облысында – 19,1% және Қарағанды облысында – 16,4% тіркелді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *