Бұл пилоттық жоба алғаш рет Қаратау ауданы аумағында жүзеге асып отыр. Инвестор «DE support» мекемесі тұрмыстық қалдықтарға арналған 5 түрлі контейнер орнатқан. Темір, пластик заттар мен шыны, қағаз және тамақ қалдықтарын сұрыптау үшін таңғы сағат 09:00-17:00 аралығында арнайы қызметкер жұмыс істейді.
Бұл бағыттағы жобалар өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, қоршаған ортаның тазалығына көңіл бөлуге шақырады.
Тұрғындар арнайы контейнерлерге қосымша ақы төлемейді. Инвестор ретімен жиналған қалдықтарды қайта өңдеу үшін кәсіпорындарға өткізіп, пайда табады.
Қаратаудан жаңадан ашылған контейнерлерде 8 көпқабатты тұрғын үйдің тұрмыстық қалдығы сұрыпталады. Тұрғындар қалдықтарды оларды сұрыптау мәдениетін үйренгенше арнайы бір қызметкер жұмыс істейді. Осы жоба аясында келесі айда 15 орынға осындай контейнерлерді қою көзделуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі