• Пт. Июн 5th, 2026
Популярные метки

Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі: Шымкентте полицейлер оқушылармен кездесті

Автор:admin

Июн 5, 2026

Шымкент қаласындағы №65 орта мектепте полиция қызметкерлері жоғарғы сынып оқушыларымен «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шараға 150-ден астам оқушы қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Полицейлер оқушыларға құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік, қоғамдық орындарда, әлеуметтік желілерде қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ заңды сақтау мен өзгелердің құқықтарын құрметтеудің маңыздылығы туралы айтты.
Ашық диалог барысында оқушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен кәсіби жауап алды.
Мұндай кездесулер өскелең ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заңға бағынатын, жауапты азаматтарды тәрбиелеуге ықпал етеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *