Жастар – болашақтың мәңгілік қозғаушысы. Жастар- бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Жастар — үлкен күш. Жастар дегеніміз — жалын от. Жастардың әлеуметтік проблемалары – бұл қоғамның өмір тіршілігі және де, жастар үшін де өмірлік маңызды, халықтың ерекше әлеуметтік – демографиялық топтың проблемалары, жас ұрпақтардың және олардың ұйымдарының жігерін ғана емес сонымен қатар қоғам мен мемелекет тарапынан нақты саясатты талап ететін шешімдер болып табылады. Жастарды негізінен келесі проблемалар қатты ойландырады: жоғары немесе орта білім ала алмау; өз отбасын материалдық жағынан қамсыздандыру қиындықтары; өз мамандығы бойынша жұмысқа қамтылу мәселесі; баспананың болмауы. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай дәл осы қиын шешілетін мәселелер жиынтығы отбасы ішілік келіспеушіліктердің пайда болуына, олардың тұрақсыздығына алып келеді. Жастарды түрлі саладағы қызметтермен қамту мәселесі бойынша көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мысалы ретінде, «Дипломмен ауылға», бағдарламасы бойынша жұмыссыздық азаюда. Ресми көрсеткіштер бойынша, жұмыссыздық 2021 жылдың ІІ тоқсанында 4,2 пайызды керсеткен, бұл 2020 жылғы көрсеткіштің едәуір төмендегенін білдіреді. Өткен жылы ресми түрде қызметтік кәсіппен жастардың ішінен Қазақстанда 2,1 млн азамат қамтамасыз етілді. Бір сөзбен айтқанда 14 жас пен 29 жас аралығындағы қазақстандықтардың тең жартысының қызметі бар. Жастар- бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Жастар — үлкен күш. Жастар дегеніміз — жалын от. Жас жүрген жер — мереке. Қазақстанда жастар жалпы халықтың 30 пайызын құрайды. Жастар саясаты туралы заң бойынша жастар- 14-29 жас аралығын қамтиды. Жастар са-ясатына берілген анықтама: «Мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік — экономикалық, сәяси, ұйымдастырушылық және құқықтық ша-ралар жүйесі қызметінің аясы». Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының жастар саясаты әлеуметтік саясаттың аса жас бағыты болып отыр. Мәселен, «Қазақстан Респубикасының Жастар саясаты туралы концепциясы» 1999 жылы 28 тамызда қабылданған, оның мағынасын кең түрде ашатын, тұжырымдамалық- әдістік негізге сүйенетін 2004 жылы 7 шілдедегі «Жастар саясаты туралы заң» бар. Жастар — кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Мемлекеттің тұрақты дәмуының негізі — бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекетгік саясаттың негізгі бағы-тының бірі — жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады.Үлкен мүмкіндіктер, биік армандар. Жастарды түрлі саладағы қызметтермен қамту мәселесі бойынша бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мысал ретінде, «Дипломмен ауылға», келісімшарттық негіздегі әскери қыз-мет (бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы күштерінің жеке құрамының 70 пайыздан астамы келісімшарт негізіндегі әскери қызметте) және т.б.атап өтуге болады Жыл өткен сайын жастар арасындағы жұмыссыздық қысқарып келеді Ресми көрсеткіштер бойынша, жұмыссыздық 2016 жылдың ІІ тоқсанында 4,2 пайызды керсеткен, бұл 2015 жылғы көрсеткіштің едәуір төмендегенін білдіреді Өткен жылы ресми түрде қызметтік кәсіппен жастардың ішінен Қазақстанда 2,1 млн азамат қамтамасыз етілді Бір сөзбен айтқанда 14 жас пен 29 жас аралығындағы қазақстандықтардың тең жартысының қызметі бар. Ағымдағы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуы» бағдарламасы алғашқы нәтижесін бере бастады. Ресми керсеткіштерге сүйенсек, еліміз-дің 115 мыңға жуық жас тұрғындары бұл бағдарламаға қатысып, жұмыспен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткіштің жартысынан көбі ауыл тұрғындары. Мемлекеттік бағдарламалар жастарды жұмыспен қамтып қана қоймайды, сонымен қатар біліктілігін арттыруға, мамандығын ауыстыруға, жаңа мамандыктарды игеруіне де көп көңіл бөледі. Осы жылдан бастап, мамандығы бойынша қызмет еткісі келетін адамға мемлекет барлық жағдайды тегін ұсынады. Бірінші кезекте, бұл шара жұмыссыз және өздігінше жұмыспен қамтылған жастарды қолдауға бағытталған. «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел» секілді бағдарламалар жастарды тұрақты және уақытша жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. 2016 жылғы мәлімет бойынша, «Жасыл ел» багдарламасымен елді мекендерді жайластыру мен көгалдандыруға 18 мың адам қатысқан. Жастар саясаты қызметінің басты бағыты — мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың маңызды мәселелері жөнін де ұсынымдар дайындау болып табылатын Жас ғалымдар , оны алға апарар талантты жастардың ғылымға келуіне қамқорлық жасау мақсатында бір-қатар бағдарламаларды жүзеге асырады. Соның бірі, еліміздегі ғылыми ұйымдар мен жетекші жоғары оқу орындарының жас ғалымдарының іргелі және қолданбалы ғылым салаларындағы зерттеу жұмыстары үшін берілетін гранттар байқауы болып табылады. Қазіргі таңда.Елбасымыз мен халқымыздың мына біздерден мол үміт пен жетістіктер күтуде. Барлық елдерде жастар саясатының басты мақсаты жастардың қоғамда шиеленіссіз ықпалдасуы мен өзін-өзі дамытуын арттыруға ықпал ету болып табылады Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатын жаңғырту барысында шетелдерде аса жетістікпен қолданылып жүрген тәсілдер мен амалдарды қолдану жөн саналады. АҚШ тәжірибесі жастардың шешім қабылдауға ықпал ету-деңгейін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында өзін- өзі басқару органдарын дамыту көрсетілген. Сонымен қатар олар қажетті әлеуметтік, мәдени, коммуникациялы, басқарушы дағдыларды алу мүмкіндігінде береді. АҚШ-та жастар саясатының бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға мемлекеттік жеке серіктестің үлгісінде жеке қайырымдылық ұйымдарын, коммерциялық секторларды тарту тетіктері белсенді енгізілген. Жастар саясатын іске асырудың жапондық тәсілдерінің негізі мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың бірлескен өзара тиімді іс қимылы мен араларындағы жауап-кершілікті нақты бөлу.Арнайы жастар орталықтарының, бюролары мен қызметтерінің жұмыс істеуін мемлекеттік тұрғыда қамтамасыз ету әдістері кең қолданысқа ие. Жастар — қоғамның қозғаушы күші. Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Шыны керек, қазір жастар арасында соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып жүргендері баршылық. Түрлі жаңа технологияның игіліктерін біліп, көріп жүрген де солар Инновациялық жобаларды халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатыстырып арнайы грант ұтып алған жастар көп Ал оны ғылыми тұрғыда жүзеге асы-руға қаржылық колдау қажет Демек, мемлекет тарапынан идеяларға, ұтымды жобаларға арнайы қаржы қарастырылып, жүзеге асуына мұрындық болған жөн. Онсыз білімді жастар шетел асып, басқа елдің атынан шығуы әбден мүмкін Сол себептен ғылымды дамытамыз десек, әуелі инновациялық жобаларды мақұлдау қажет.
R-ақпарат