Қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – жасөспірімдердің қауіпсіздігі, олардың психологиялық саулығы және әлеуметтік ортаға дұрыс бейімделуі. Бала мен жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуы ең алдымен отбасы тәрбиесіне, екіншіден білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысына, сондай-ақ қоғамдағы жалпы мәдени ортаға тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі таңда мемлекет тарапынан жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, психологиялық қолдау көрсету және келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Осы бағытта Түркістан облысы, Сайрам ауданында Отбасын қолдау орталығының мамандары жасөспірімдер арасында маңызды әлеуметтік-психологиялық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастыруда. Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, теріс әрекеттердің алдын алу және олардың саналы азамат болып қалыптасуына ықпал ету.
Жуырда Сайрам аудандық Отбасын қолдау орталығының мамандары Арыс ауыл округіндегі №62 Анартаев атындағы жалпы білім беретін мектеп пен Х. Хайтенов атындағы жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізді. Бұл шаралар жасөспірімдер арасында өзекті мәселелерді ашық талқылауға, олардың ой-пікірін тыңдауға және психологиялық қолдау көрсетуге бағытталды.
Іс-шара барысында мамандар сталкингтің алдын алу, ерте жүктіліктің зияны, суицидтің профилактикасы, психологиялық қауіпсіздік және құқықтық сауаттылық тақырыптарын кеңінен түсіндірді. Әрбір тақырып бойынша нақты мысалдар келтіріліп, жасөспірімдердің күнделікті өмірінде кездесуі мүмкін қауіптер мен олардан сақтану жолдары жан-жақты айтылды.
Мамандардың айтуынша, қазіргі цифрлық заманда жасөспірімдер түрлі ақпараттық қауіптерге жиі тап болады. Әлеуметтік желілердегі теріс контент, бейресми ақпарат көздері және психологиялық қысым жасөспірімдердің мінез-құлқына әсер етуі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру өте маңызды.
Семинар-тренинг барысында оқушылармен ашық форматтағы пікір алмасу ұйымдастырылды. Жасөспірімдер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Бұл өз кезегінде балалардың ішкі ойларын ашық айтуына, өз мәселесін бөлісуге және көмек сұрауға бейім болуына ықпал етті.
Кездесу барысында психологиялық қолдаудың маңызы ерекше атап өтілді. Мамандар әрбір бала қиын жағдайда жалғыз қалмауы керектігін, кез келген мәселені ата-анамен, мұғаліммен немесе мамандармен бөлісу маңызды екенін түсіндірді. Сондай-ақ өмірлік қиын жағдайларда көмек сұрау әлсіздік емес, керісінше жауапкершіліктің белгісі екені айтылды.
Сонымен қатар ерте жүктіліктің алдын алу мәселесі де кеңінен қарастырылды. Бұл тақырып аясында жасөспірімдерге жеке жауапкершілік, денсаулық мәдениеті және болашақ өмірді жоспарлау туралы түсіндірілді. Мамандар әрбір шешімнің адамның болашағына әсер ететінін атап өтіп, саналы таңдау жасаудың маңызын жеткізді.
Суицидтің алдын алу бағытында да маңызды ақпараттар берілді. Мамандар жасөспірімдер арасында эмоционалдық тұрақсыздық, күйзеліс жағдайлары туындаған кезде оны елемей қалмау керектігін түсіндірді. Мұндай жағдайларда ата-анамен және мамандармен байланыс орнату – өмірлік маңызды қадам екені айтылды.
Сталкингтің алдын алу тақырыбы да ерекше назарға алынды. Оқушыларға жеке қауіпсіздік ережелері, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас мәдениеті және интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы толық ақпарат берілді. Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
Аталған іс-шаралар тек мектептермен шектелмей, Сайрам ауданы аумағындағы жалпы білім беру ұйымдары мен түрлі мекемелерде жүйелі түрде жалғасуда. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың психологиялық және әлеуметтік дамуын қолдауға бағытталған маңызды профилактикалық жұмыс болып табылады.
Мамандардың пікірінше, отбасы – бала тәрбиесінің негізгі ортасы. Сондықтан ата-ананың балаға деген көңілі, қолдауы және бақылауы оның өмірлік ұстанымына тікелей әсер етеді. Отбасындағы түсіністік пен сенім жасөспірімнің өз-өзіне деген сенімділігін арттырады және оны теріс әрекеттерден сақтайды.
Бүгінде қоғамда жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек білім беру ұйымдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда Отбасын қолдау орталығының бастамалары әлеуметтік маңызы жоғары жұмыстардың бірі ретінде бағаланады.
Сайрам ауданында алдағы уақытта да жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігін арттыру, құқықтық сауаттылығын дамыту және отбасылық құндылықтарды нығайту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады. Себебі саналы, тәрбиелі және жауапкершілігі жоғары ұрпақ – ел болашағының басты кепілі болып табылады.
