• Ср. Май 20th, 2026
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Автор:admin

Май 20, 2026

Шымкент қаласы аумағында интернет-алаяқтық пен киберқылмыстардың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында профилактикалық іс-шараларды күшейту мақсатында, 2026 жылғы 18-23 мамыр аралығында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған іс-шара аясында профилактикалық кездесу Шымкент қаласындағы Дендропарк аумағында ұйымдастырылып, тұрғындарға интернет-алаяқтық, киберқылмыстар, дропперлік және жалған инвестициялық жобалардың қауіптері түсіндірілді.

Азаматтарға:
* күмәнді сілтемелерге өтпеу;
* SMS-кодтарды бөгде тұлғаларға бермеу;
* банк картасы деректерін жарияламау;
* “оңай табыс” ұсынатын интернет хабарландыруларға сенбеу қажеттігі ескертілді.

Құрметті қала тұрғындары!
Интернет кеңістігінде сақ болыңыздар, жеке деректеріңізді қорғап, алаяқтардың арбауына түспеңіздер!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *