Шымкент қаласы, Абай ауданы аумағында орналасқан Білім беру ұйымдарында оқушылар мен ата-аналары арасында ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ интернет ресурстары арқылы кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы әрекеттерге тартудың профилактикасы жөнінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасының орынбасары полиция полковнигі К.Миркасовпен мектептің ата-аналар комитетінің төрағалығы мен мектеп оқушыларының ата-аналары және мектеп директоры мен олардың орынбасарлары, сынып жетекшілері, психолог мамандардың қатысуымен қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында ата-аналардың балаларға бақылауды күшейту, соның ішінде олардың әлеуметтік желілердегі белсенділігін қадағалау қажеттілігі жеткізілді. Мектеп басшылығына оқушылармен сынып сағаттарын өткізу барысында жасөспірімдер арасында әлеуметтік желілердегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, құқықбұзушылықты алдын алу, буллинг, сталкинг, нашақорлыққа жол жоқ тақырыптары бойыша түсіндіру жұмыстарын жиі ұйымдастыру айтылды.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
