• Пт. Апр 17th, 2026
Популярные метки

ЖАС ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ ЖАУЫНГЕРЛІК МАШЫҒЫ АРТТЫ

Автор:admin

Апр 17, 2026

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Шымкент қаласындағы 6698 әскери бөлімінде жас жүргізушілерді оқыту және кәсіби даярлау жоспарына сәйкес кезекті далалық марш ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында әскери қызметшілер бөлімнің тұрақты орналасу пунктінен Түркістан облысы Бәйдібек ауданына қарасты Боралдай ауылы бағыты бойынша 150 шақырымдық маршты сәтті орындады. Нәтижесінде олар жол жағдайында әрекет ету төзімділігі мен жүргізушілік шеберлігін жетілдірді.
Оқу-жаттығу кезінде жас сарбаздар күрделі жол учаскелерінен өтіп, әскери техниканы басқару дағдыларын шыңдады. Сонымен қатар, нақты жағдайға барынша жақын ортада тәжірибе жинақтады. Марш әскери дайындықтың маңызды элементі ретінде олардың жауапкершілігін арттырып, кәсіби сенімділігін нығайтуға бағытталды.

Іс-шара аясында Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты №31 жалпы білім беретін мектептің оқушыларына Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери академиясына оқуға түсу мүмкіндіктері туралы ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға әскери мамандықтың маңызы, Отан қорғаудың жауапкершілігі мен артықшылықтары кеңінен түсіндірілді.

Аталған іс-шара жас буынның әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтып, Отанға қызмет етуге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *