• Сб. Апр 11th, 2026
Популярные метки

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Автор:admin

Апр 11, 2026

Бұхара қаласының әуежайында мәртебелі мейманды Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Салтанатты қарсы алу рәсімінде Қазақстан Президентінің құрметіне ұлттық ән мен би орындалды.

Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, шаһардағы бірқатар тарихи және өнеркәсіп нысанын аралайды.

Сапар банысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды.

Қазақстан Президентінің Өзбекстанға жұмыс сапары Бұхарадағы Бахауддин Нақышбанди кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мемлекеттер басшылары медресе, екі мешіт пен мұнарадан тұратын мемориалдық кешенді аралап көрді. Зиярат барысында Құран оқылып, бауырлас халықтарға бейбіт өмір мен бақ-береке тілеп, дұға жасалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев мемориалдық кешенге келушілермен жылы рәуіште әңгімелесіп, суретке түсті.

Нақышбандия тариқатының негізін салушы Бахауддиин Нақышбандидің кесенесі XVI ғасырда салынған.

Ескерткіш жанындағы музейде XIX ғасырдағы Құран қолжазбасы, тарихи құжаттар, кітаптар мен басқа да құнды жәдігерлер сақталған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *