Қорғау:
Мемлекет адам саудасынан зардап шеккен қазақстандықтарды қорғау шараларын күшейтті, бірақ шетелдіктерді қорғау үшін симметриялық шаралар қабылдаған жоқ. Зардап шеккен қазақстандықтарды қорғау қызметтеріне қолжеткізу жағы жақсартылса да, зардап шеккен шетелдіктерді анықтау және оларға көмек көрсету шаралары іс жүзінде қабылданған емес және зардап шеккен шетелдіктерге арналған баспана жоқ болып тұр. Мемлекет тарапынан 76 жәбірленуші анықталды, бұл көрсеткіш 2016 жылғы
110 құрбанмен салыстырғанда төмендеп отыр. Олардың 50-і жыныстық қанаушылықтан, 20-сы мәжбүрлі еңбектен, ал 6-ы қылмыстық құқық бұзушылыққа мәжбүрлеуден зардап шеккен. Бес адамнан басқа барлық анықталған құрбандар Қазақстаннан болған. Бес шетелдіктің төртеуі Өзбекстаннан және тағы біреуі Грузиядан келген. Зардап шеккен қазақстандықтардың бесеуі Бразилияға, төртеуі Бахрейнге, үшеуі Түркияға және Оңтүстік Кореяға заңсыз түрде шығарылған, ал қалғандары ауылдан қалаға еңбек пен жыныстық қанаушылық үшін әкелініп, ішкі адам саудасының құрбандары болған. Мемлекет анықтаған 71 қазақстандық құрбандардың әрқайсысы мемлекет қаржыландыратын бағдарламалардан көмек алды. Алайда шетелдік құрбандар мемлекет қаржыландыратын баспаналарда көмек алуға құқылы емес болған. 2017 жылы ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) адам саудасының құрбандары болған 177 адамға (2016 жылы — 67) көмек көрсетті. Олардың ішінде 22 адам полиция тарапынан қайта бағытталды, 155 адам халықаралық ұйымдар, елшіліктер, ҮЕҰ-дардың баспаналарына жіберілді, сонымен қатар кейбіреулер өздері көмек үшін жүгініп аталған жәрдемдерге қол жеткізген. ҮЕҰ-дан көмек алған адамдардың 177 құрбандарының ішінде 39-ы Қазақстан азаматтары, 138-і шетелдіктер болған; 13-і жыныстық қанаушылықтан, 158-і еңбекпен қанаушылықтан зардап шеккен; оның 36-сын әйелдер, 141-ін ер адамдар құрап отыр. 138 шетел азаматының 131-і Өзбекстаннан келген. 2017 жылы мемлекет қаржыландыратын ҮЕҰ сенім телефонына 1350 қоңырау шалынған. Олардың көпшілігі ақпарат сұранысына ие болып, адам саудасына қарсы күрес үшін полиция бөлімшелеріне 13 өтініш келіп түсті. Осы қайта бағыттаудың арқасында алты еңбекті қанау қылмысының қолданылуы расталды. Байқаушылардың айтуынша, көптеген шетелдіктер полицияға сенбегендері үшін, сыбайлас жемқорлықтан күдіктеніп, жазаланудан немесе заңсыз мәртебесі бойынша депортацияланудан қорқуларына байланысты және де өзге себептермен полициямен ынтымақтастық кезінде өздерінің жеке басын тексерткісі келмейтінін атап өтті. Құқық қорғау органдары зардап шеккен шетелдіктерді анықтаған жағдайларда, құрбандар органдармен ынтымақтасудан көп уақыттарда бас тартқан. Сарапшылардың пікірінше, зардап шеккен шетел азаматтары жергілікті полицияға өз елдеріне қайтып
оралғанда жүгініп, өздерін сол кезде қауіпсіз сезінеді екен.